Төрт қабырғаға қайта қамалған испандар наразылыққа шықты

Төрт қабырғаға қайта қамалған испандар наразылыққа шықты

Төрт қабырғаға қайта қамалған испандар наразылыққа шықты
ашық дереккөзі
Мадрид тұрғындары наразылық шеруіне шықты. Жергілікті тұрғындар қалада карантиндік шектеулердің қайта енгізілуіне қарсы. Естеріңізде болса, бұған дейін Мадрид билігі қаланың бірнеше ауданында шектеу шараларын қатаңдатқанын хабарлағанбыз. Шектеу енгізілген аудандардың тұрғындары үйлерінен тек жұмысқа, мектепке немесе дәрігерге қаралу үшін ғана шыға алады. Саябақтар жабылып, дүкендер кешкі сағат 10-нан кейін жұмыс істемейді. Сондай-ақ, тұрғындарға 6 адамнан артық жиналуға тыйым салынды. Наразылық акциясына шыққан жергілікті тұрғындардың сөзінше, карантин мәселені шешпейді. «Шектеулер негізінен тұрмысы орташа аудандарға енгізілген. Бұл шаралар онсыз да экономикалық қиындықтарды бастан кешіп жатқан тұрғындардың жағдайын одан сайын қиындата түседі», - дейді наразы топ. Айта кетейік, пандемия басталғалы Испанияда 640 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Індеттен 30,5 мыңға жуық найқас көз жұмды. Ал әлемде індетке шалдыққандар саны 31 миллионға жуықтады. Қатерлі вирус 959 мыңнан астам адамның өмірін жалмады. Коронавирус құрбандарының саны жөнінен АҚШ, Бразилия мен Үндістан алда тұр. АҚШ-та 199 мыңнан аса адам қайтыс болса, Бразилияда 137 мыңға жуық, ал Үндістанда 87 мыңға жуық найқас көз жұмды.