Ресейде бір апта ішінде 40 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

Ресейде бір апта ішінде 40 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

Ресейде бір апта ішінде 40 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
Ресейде шілде айынан бері алғаш рет бір апта ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 40 мыңнан асты. Бұл туралы елдегі індетпен күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап ТАСС хабарлады. 14-20 қыркүйек аралығында елде 40 588 адам инфекцияға шалдыққан. Бір апта бұрын бұл көрсеткіш 37 306 болатын. Ал 20-26 шілде аралығында вирус жұқтыру оқиғалары ең жоғары көрсеткішке жетіп, 40 939 адамды құрады. Штаб мәліметінше, елде бір апта ішінде коронавирустан  840 адам қайтыс болған. Дәрігерлер індеттен көз жұму көрсеткіші өспегенін, 1,75%-дан 1,76%-ға ғана артқанын айтады. Пандемия басталғалы Ресейде індет жұқтырғандардың жалпы саны 1,1 миллионға жуықтады. Бұл көрсеткіш жөнінен мемлекет әлемде төртінші орында. Ал әлем бойынша қатерлі вирусты жұқтырғандар саны 30,8 миллионға жетті. Індеттен 957 мыңнан астам адам көз жұмды. Еске сала кетейік, бұған дейін ДДСҰ Еуропа елдерінде індеттің өршу себебін айтқан болатын.