Праймериз кандидаттары алматылықтарды Қала күнімен құттықтады (видео)

Праймериз кандидаттары алматылықтарды Қала күнімен құттықтады (видео)

Праймериз кандидаттары алматылықтарды Қала күнімен құттықтады (видео)
ашық дереккөзі
Бүгін праймеризге қатысушылар өздерінің жеке парақшаларында алматылықтарды Қала күнімен құттықтады. Партия мүшелері өз үндеуінде бұл мереке барлық мамандық, жас және ұлт өкілдерін біріктіретінін бір ұғым – әркімнің өз туған қаласына деген сүйіспеншілігін атап өтті. Алматы - ерекше қала, ол керемет энергетикасы мен беделі бар Қазақстанның ірі мегаполисі болып табылады. Қаланың дамуы мен таңғажайып тарихына шамамен 1000 жыл толып отыр. Қала құрылғаннан бері көптеген өмірлік сындарға тап болды, бірақ алматылықтар оларды әрдайым жеңе білді. Биылғы жылы да солай болды. Праймеризге қатысушылардың бірінің айтуынша, Алматы қаласының тұрғындары осы жылы осындай қиын кезең – пандемия кезінде ерекше төзімділік пен ұйымшылдық танытты. «Біз дәрігерлердің, еріктілердің және біз үшін осы қиын уақытта аянбай қызмет атқарған, өз үлесін қосқандардың еңбегін көбірек бағалай бастадық»,-деді үміткер өз құттықтауында. «Nur Otan» пандемия кезінде де шетте қалмағанын атап өту керек. Осы кезеңде қала тұрғындарына көмек көрсету мақсатында партияның қалалық филиалы қаланың 150 мыңнан астам аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетті. Оның ішінде «Almaty Birgemiz» қоры арқылы 50 мың теңге көлеміндегі материалдық көмек, азық-түлік себеттері, санитарлық қорғау құралдары, күнделікті ыстық тамақ, медициналық маскалар және т.б. заттар берілді. Бұл ретте алматылық «Jas Otan» еріктілері мен партия мүшелерінің өздері де маңызды рөл атқарды. Құттықтауларға «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров та қосылды. Өзінің әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында ол барлық алматылықтарды мерекемен құттықтап, жылдан жылға қаланың заманауи және тылсым көрікке ие болып келе жатқанын атап өтті. Бұл біздің басты байлығымыз – қаламызды шын жүректен жақсы көретін алматылықтардың үлкен еңбегі. «Баршамызды ортақ мақсат – қаланы жақсарту және ыңғайлы ету біріктіруде. Барлығын осы айтулы күнмен құттықтаймын және тұрғындарға күш-қуат, шаттық, жаңа істер мен жетістіктерге шабыт тілеймін. Барлық жоспарлар орындалсын», - деп жазды ол. Өз кезегінде «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы құттықтауларға қосылып, жерлестерімізге көтеріңкі көңіл-күй, табыс, бақыт, зор денсаулық және амандық тілейді! https://www.instagram.com/p/CFWKNPKDIxu/?igshid=2tccrqsfmiwy