«Талдықорған-Өскемен» жолының құрылыс жұмысы қалай жүріп жатыр?

«Талдықорған-Өскемен» жолының құрылыс жұмысы қалай жүріп жатыр?

«Талдықорған-Өскемен» жолының құрылыс жұмысы қалай жүріп жатыр?
ашық дереккөзі
Алматы облысындағы жұмыс сапары барысында Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр «Талдықорған-Өскемен» жолының құрылыс жұмыстарымен танысты. «Талдықорған-Өскемен» жолының құрылыс-монтаждау жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Жұмысты жүргізуге 1847 адам мен 889 техника жұмылдырылған. Күнделікті жолдың бірнеше қабатын төсеу мен тегістеу жұмыстары атқарылып, асфальт қабатын төсеуге әзірленуде. Сонымен қатар 14 су өткізу құбырлары мен 23 көпір жұмысының 50% аяқталды. «Үшарал-Достық» жолы бойынша айтар болсақ, жолдың 60 шақырымын «Қыран» ЖШС салып жатыр. Нысанда 265 адам жұмыс істейді. 144 арнайы техника тартылған. Бүгінде жолды тегістеу мақсатында 1170 мың текше метрден астам тас-топырақ жол қабаттары төселіп, тегістелді. Жол құрылысына қажетті материалдардың қажетті қоры әзірленді. Биыл жыл соңына дейін жолдың 30 шақырымын қолданысқа беру жоспарланып отыр. Көлік қатынасын үзбеу мақсатында 21 шақырымдық уақытша айналма жол салынды. Осы жолдың 60-120 шақырымы аралығындағы жол құрылысын «АБК-Автодор НС» ЖШС жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына 115 техника және 239 адам жұмылдырылған. Уақытша пайдалану үшін 20 шақырымдық айналма жол салынған. Қосымша 10 шақырым айналма жол салу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жол бойындағы жерлерді рәсімдеу мен карьерлерді пайдалануға рұқсат беретін құжаттар дайындалып жатыр. 27 су өткізу құбырларының темір-бетон құрылғылары орнатылды. Жолдың 120-180 шақырымында биыл 1 тамызда айналма жол салу жұмыстары басталды. Вице-премьер Р.Скляр жол құрылысы жұмыстарын сапалы жүргізіп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.