«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
ашық дереккөзі
«Болашақ» халықаралық стипендиясына ие болған үміткерлер тізімі жарияланды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Ең алдымен вице-министр халықаралық стипендияны тағайындауда әділдік пен ашықтық қамтамасыз ету жолында жасалған басты қадамдарға тоқталып өтті. «Стипендиаттарды іріктеу Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу үлгісі бойынша толығымен автоматтандырылған. Конкурстық іріктеудің әр кезеңі прокторинг жүйесі арқылы цифрландырылған және бейнетіркеуге алынды. Біз кешенді тестілеу мен сұхбаттасу процесін өткізу тәсілін сапалы етіп өзгерттік. Үміткерлер оқу орнына өз бетімен түсуі тиіс, сондықтан пәндік сұрақтар қойып, тексерудің қажеті жоқ. Оның орнына біз үміткерлердің талдау, сыни ойлау, фактілерді түсіндіру дағдыларын және ерекше жағдайларда бейімделу қабілеттерін бағалауға назар аудардық», – деді М. Дәуленов. Оның айтуынша, республикалық комиссияның шешімімен «Болашақ» стипендиясы 106 үміткерге берілді. «Тағы бір басты жаңалық, барлық стипендианттың білім алу барысы бойынша мониторинг Халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа порталында цифрлық форматта жүзеге асырылатын болады. Енді стипендиаттарға жарты жылда бір рет транскриптерді сканерлеудің, есептер жазудың және анықтамалар жіберудің қажеті жоқ. Барлық дерек блокчейн технологиясына негізделген жүйеде жиналады. Ал сол жүйедегі кез келген өзгерістер автоматты режимде тіркеліп, сақталады. Бұл стипендианттарға қатысты ақпараттың негізсіз өзгеруіне жол бермейді», – дейді ол. Стипендиаттардың толық тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.