Праймериз-2020: Қостанай өңірінде 3 мыңнан астам шара ұйымдастырылды

Праймериз-2020: Қостанай өңірінде 3 мыңнан астам шара ұйымдастырылды

Праймериз-2020: Қостанай өңірінде 3 мыңнан астам шара ұйымдастырылды
ашық дереккөзі
Қостанай облысы тұрғындарының саяси белсенділігі күн санап артып келеді. 819 қостанайлықтың «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысып жатқанын мысал ретінде айтсақ та болады. 14-16 қыркүйек аралығында өңірде 36 дебат өткізіліп, оған 200 ден астам кандидат қатысқан. Бүгінде Қостанай қаласынан партия ішілік сайлауға қатысушылардың үшінші легі жария пікріталас өткізді. Үміткерлер өзекті мәселелерді талқылады – халық денсаулығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғындарарға білім, спорт және мәдениеттің қол жетімділігі. Сонымен қатар, пікірталастар ауылды дамыту, патриотизм және әлеуметтік бірлік тақырыптарын және аймағымыздың стратегиялық басымдықтарын көтерді. Сонымен қатар, өтініш берушілер аудиторияның сұрақтарына да жауап берді.  width= Жалпы Қостанай облысында праймериздің үгіт-насихат кезеңі басталғалы, яғни 7-16 қыркүйек аралығында 3055 іс-шара ұйымдастырылған. Оған 37 мыңнан астам адам қатысқан. Сондай-ақ 800-ден астам іс-шара онлайн режиімінде өткізілген. Праймеризге тіркелген 819 үміткердің 799 -ы үгіт-насихат кезеңіне атсалысып, кездесулерге келді. Бастауыш партия ұйымдарында 2680 кездесу өткізіліп, оған 33 632 адам қатысты. Есіктен – есікке акциясына 415 кандидат қатысып, 2687 адамды қамтыған. Тағы бір айта кетерлігі, Қостанай облысында жүріп жатқан праймериз кезінде карантиндік сақтық шаралары да ережеге сай сақталуда. Бұдан бөлек, «Праймериз» ақпараттық жүйесіне 550 астам сілтеме, әлеуметтік желілерге праймериз туралы мыңнан астам пост жарияланған.