«Tengri Bank» лицензиясынан айырылды

«Tengri Bank» лицензиясынан айырылды

«Tengri Bank» лицензиясынан айырылды
ашық дереккөзі
2020 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (Агенттік) «Tengri Bank» АҚ-сын барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады. Агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өтемақының ұлттық валютада төленетін мәлім етті. Оның сомасы:
  • теңгедегі жинақ салымдары (депозиттер) бойынша 15 млн теңгеден;
  • ұлттық валютадағы өзге депозиттер бойынша 10 млн теңгеден;
  • шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 млн теңгеден аспауға тиіс.
Салымшыда түрі мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше кепілдік берілген депозиттер болған жағдайда, олар бойынша 15 млн теңгеге дейін жиынтық кепілдік берілген өтемақы төленеді.