COVID-19: Қазақстандық вакцинаның клиникалық сынағы басталды

COVID-19: Қазақстандық вакцинаның клиникалық сынағы басталды

COVID-19: Қазақстандық вакцинаның клиникалық сынағы басталды
ашық дереккөзі
Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеу басталды, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеу басталды. «Вакцинаны клиникалық зерттеу 18-50 жас аралығындағы дені сау ересек еріктілер арасында жүргізіледі. Вакцинаның қауіпсіздігін анықтауға бағытталған зерттеудің I фазасына коронавируспен ауырмаған және антиденелері жоқ 44 ерікті қатысады. Иммуногенділікті зерттеуге бағытталған екінші фазада 200 еріктінің қатысуы жоспарланып отыр» делінген хабарламада. БҚПҒЗИ-ға клиникалық зерттеулерге қатысуға ниет білдірген еріктілерден 688 өтініш келіп түскен. Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов cенім білдіргендерге алғыс айтты. Клиникалық зерттеулер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» РМК және «Сentre for Clinical Medicine and Research» ЖШС-де өтеді.