Қазақстандық университеттер дипломы Еуропада жарамды болады

Қазақстандық университеттер дипломы Еуропада жарамды болады

Қазақстандық университеттер дипломы Еуропада жарамды болады
ашық дереккөзі
Еліміздегі жоғары оқу орындарының дипломдары енді Еуропа елдерінде жарамды болмақ. Бұл жаңалықты Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 2021 жылдан бастап Қазақстандық университеттердің диплом қосымшаларына толықтырулар енгізіледі. Бұл өзгеріс елімізде берілетін жоғары білім еуропалық біліктілік санатымен сәйкес екенін растайды. Болон процесі хатшылығы қабылдаған өзін-өзі сертификаттау бойынша есепті дайындау үшін Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған болатын.