"Қорғас ісі": Швейцарияға әкетілген 390 млн теңгеден астам қаржы елге қайтарылды

"Қорғас ісі": Швейцарияға әкетілген 390 млн теңгеден астам қаржы елге қайтарылды

"Қорғас ісі": Швейцарияға әкетілген 390 млн теңгеден астам қаржы елге қайтарылды
ашық дереккөзі
Елімізден заңсыз түрде Швейцарияға әкетілген 390 млн теңгеден астам қаражат Қазақстанға қайтарылды. Бұл туралы Қазақстан Бас прокуратурасының ресми сайтында хабарланды.  Қаражат елімізге 14 қыркүйек күні қайтарылыпты. Аталмыш соманы «Қорғас ісі» бойынша ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық мүшелері жымқырып, Швейцарияға алып кеткен. Швейцарияның Федералдық билігі 390 млн теңгеден астам қаражатты Қазақстанға қайтарды. "Аталған қаражат 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыстық ұйымдасқан топтың белсенді мүшелерінің бірі Мағзұм Әбдіралиевке тиесілі Швейцария банкіндегі шетелдік компанияның шотында болған", - деп жазады Бас прокуратураның ресми сайты. Белгілі болғандай, Швейцариядан Әбдіралиевтің қылмыстық активтерін қайтару бойынша жұмыс 2018 жылдан бері жүргізіліп келіпті. Аталмыш іс бойынша бұған дейін 2019 жылы мемлекет кірісіне Швейцариядан 140 млн теңге қайтарылған екен. Құзырлы мекеме "Қорғас ісі" аясында Швейцариядан мемлекеттік бюджетке шетелден активтерді қайтару бойынша жұмыс барысында түскен қаражаттың жалпы сомасы шамамен 530 млн теңгені, яғни 1,3 млн АҚШ долларынан астам қаражатты құрағанын алға тартты.