Шейх сарайлары мен әйгілі қонақүйлердің дизайнын әзірлеген қазақ қызы

Шейх сарайлары мен әйгілі қонақүйлердің дизайнын әзірлеген қазақ қызы

Шейх сарайлары мен әйгілі қонақүйлердің дизайнын әзірлеген қазақ қызы
ашық дереккөзі
Күн көзіне шағылыса жарқыраған ғажап ғи­марат­тар мен зәулім сарайларды көргенде, мұның сыртқы келбетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған архи­тек­тордың қызметіне тамсанамыз. Ал мұның ішін әрлеп, қыздың жиған жүгіндей етіп сәндеп жүрген интерьер дизайнерінің еңбегін кей тұста байқамай жатамыз. Ғи­мараттың ішкі кеңістігін көркейтуді көздейтін бұл маман иесіне шетелде қажеттілік жоғары екені белгілі. Бүгінде Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Дабиде интерьер дизайнері болып қызмет ететін қанда­сымыз Құралай Жансейітова аталған елдегі он бес шақты ірі жоба, соның ішінде әлемге белгілі бес жұл­дызды қонақүйлердің дизайнын жасаған. Бұдан бөлек, шейхтың жеке компаниясында бас дизайнер қызметін атқарған ол жеке сарайлар мен үлкен қорғандардың жобасын әзірлеген. Шетелде сұранысы көп маман бол­ғанымен, Қазақстанда әзірге таныла қоймаған Құралайға арнайы хабарласып, әңгімеге тартқан едік.  width= – Құралай, сіз әзірлеген ірі жобалармен таныспай жатып-ақ, әлеуметтік желіге жүктеген суреттеріңізден өз ісіңіздің маманы екеніңізді бірден байқадық. Жалпы, интерьер дизайнері секілді қызықты мамандыққа сізді кім баулыды? Бұл салаға қалай келдіңіз? – Негізі, бұл мамандыққа мені баулыған әжем. Себебі бала күнімде ата-әжемнің ауылына жазғы каникулға баратынмын. Қолы-қолына тимей еңбек ететін әжем көрпе тігіп, кілем тоқитын, сонымен қатар небір өрнектер құрастыратын, сол кезде қасына отырғызып, жасаған дүниесіне өрнектер таңдасуымды сұрайтын. Сол уақыттан бастап дизайн әлеміне, соның ішінде түрлі түсті өрнектерге әуес болдым. Қазір қарап отырсам, мұның барлығы әжемнен дарыған екен. Әжемнен бөлек, әкем Серғали да шығармашыл кісі. Ол Шымкент қаласында бірнеше жыл бойы бас архитектор қызметін атқарған. Қазіргі таңда зейнетте. Анам Гүлайым екеуі жеке кәсіппен айналысады.  width= – Сұхбаттасуға келісу үшін ха­­барлас­қаным­да «Мені Қазақ­стан­да ешкім танымайды ғой» деп айтып қалдыңыз. Осы орайда, оқырман қауым­ға өзіңізді кеңі­нен таныстыра отыр­саңыз. – Иә, елде расымен мені онша көп танымайды (күліп). Өзім туралы ай­тар болсам, 1986 жылы Түркістан қа­ласында дүниеге келдім. Мұнда бір­­неше жыл тұрғаннан кейін, от­ба­сы­­мызбен Шымкент қаласына көш­тік. Шымкентте 9-сыныпқа дейін оқып, сосын Алматыдағы әл-Фа­раби атын­дағы ҚазҰУ-дың коллед­жіне, Шы­ғыстану факультетіне оқуға түс­тім. Алайда бұл оқуым­ды аяқта­ға­ным жоқ, себебі мұнда оқып жүр­ге­нім­де ха­лықаралық жо­баға қатысып, нә­ти­же­сінде Америкада оқу мүм­кіндігін ие­лен­дім. Сөйтіп, әлгі бағ­дар­лама шең­бе­рінде АҚШ-тың Огайо шта­тын­дағы жергілікті мектепке ауысып, мұнда он екі жыл­дықты бітіріп жат­қан аме­ри­калық оқушылармен бір­ге оқып, жалпы білімі бар аттестат алып шықтым. Бағдар­лама ережесіне сәй­кес, мұн­да үш баласы бар аме­ри­­ка­лық отбасының үйін­де тұрдым. Олар­дың ме­ні ерекше қабылда­ғаны сон­шалық, туған бала­сын­дай көріп, ба­рын алдыма тосып, ай­рық­ша жа­қын тартты. Олармен бір жыл­дың ішін­де он төрт штатты аралап, көк­жие­гімді кеңейтіп, ұмы­тыл­мас әсер алдым. Со­сын мен оқыған мектептегі аме­ри­калық мұғалімдер де маған жы­лы қа­бақ танытты, әсі­ресе сурет пә­нінен сабақ бе­ре­­тін апайым бей­нелеу өне­ріне икемімді бай­қап, небір жо­баларға қа­тыс­тыратын. Сөй­тіп, сол кі­сінің ықпалы­мен бір жыл­дың ішін­де он бес жобаға қаты­сып, шы­ғармашылықпен айналысуға деген құлшынысым арта түсті. – Мектепті Америкада бітір­ге­ніңізбен, бакалавр бөлімін Қы­тай елінде оқыпсыз. Америкада қал­ғыңыз келмеді ме, әлде оқуға түсуде қиындықтар болды ма? – Жоқ, еш қиындық болған жоқ. Не­гізі, мектеп бітірген бойда Аме­ри­кадағы Калифорния университетінің архитектура факультетіне оқуға түс­кенмін, десек те, ата-анаммен ақыл­­даса келе, білімімді елге жақын жер­де жалғастыру мақсатында Қа­зақстанға қайтуды ұйғардым. Оның үстіне, үйдегі жалғыз қыз болған соң, ата-анам да мені уайымдап жүрді. Өзім де ол кісілерден алыстап кетсем, қиналып қаламын-ау деп ой­ладым. Сөйтіп, елге келген соң, жоғары білім алу үшін Қытай астанасы Бей­жіңге барып оқимын деп шештім. Мұн­да алдымен екі жыл бойы қытай тілі бойынша курс оқып, сосын дү­­­ние­жүзі бойынша белді уни­вер­си­теттердің бірі саналатын австра­лия­лық Raffles Design Institute-тің Бей­жіңдегі филиалында үш жыл білім ал­дым. Неге үш жыл де­сеңіз, біз мұн­­­да бес жы­л­дық бағ­дар­ла­ма­ны ин­тенсивті түр­де үш жылда оқып шық­тық. Мұн­да­ғы оқуым оңай болды деп айта алмаймын, дегенмен мұ­­­ның маған бе­рері мол, пай­­дасы көп тиді. Қы­тай­да жүр­генде де өз-өзім­ді жетілдіру үшін Иран­да, Дубайда және еуро­па­лық қа­ла­­ларда өт­­кен жо­ба­­­­ларға қа­ты­сып жүр­­дім. Бұ­дан бө­лек, Бей­жің­дегі Robarts Spa­ces ком­паниясында интерьер бойынша кіші дизайнер қызметін атқарып жүріп, кеңсе, қонақүйге ұқсас аурухана, пен­тхаус, пәтер дизайнын жасауға атсалыстым. Сөйтіп, Қытайда түрлі жо­баларды іске асырамын деп жүріп, сегіз жылдың зуылдап өте шыққанын сезбей де қалыппын. – Сегіз жылдық жұмыс тәжі­ри­беңізді жинақтаған соң, Біріккен Араб Әмірлігіне жұмысқа ауы­сыпсыз. Архитектурасы көз­дің жауын алатын араб еліне не­­ліктен тұрақтағаныңыз түсі­нік­ті жайт. Десек те, үйреншікті Қы­тай ортасынан Дубайға қыз­мет ауыстыру оңай болмаған шы­ғар? – Негізі, Қытайда жағдайым да, жұ­мысым да жақсы болатын. Тек бір ел­де осыншама уақыт жұмыс істегеннен кейін, орын ауыстырғым келді. Оның үстіне, өзге елдің жобасын іліп әке­те алатынымды жақсы түсіндім. Сөй­тіп, шетелдік ірі компанияларға пор­тфолиомді әзірлеп, түйіндемемді жі­бердім. Нәтижесінде Сингапур, То­кио және Дубайдағы компаниялардан шақырту келді. Өзім бұрыннан Ду­байдың архитектурасына қатты қызығатындықтан, бірден сол қа­ланы таңдадым. Құмның үстіне со­ғылып, жоқтан барды құраған, ша­ғыл жерді көркейтіп, көз қыз­ық­тыратын ғимараттарымен танымал Дубайда жұмыс істеудің қызығу­шы­лығы мен ерекшелігі көп. Бұл – мұ­сылман елі, не жедім, қайда баруым керек деп алаңдамайсың. Бұдан бө­лек, орналасуы бойынша Қазақ­стан­ға жақын, ата-анамды сағынсам екі жарым сағатта ұшып бара аламын. Дубайға келгенде әлгі шақырту бойын­ша америкалық HBA (Hirsch Dender Assosiates) компаниясында жұмыс істедім. Аталған компания­ның атынан Еуропа және Америка елдеріне барып, сонымен қатар Иордания және Сауд Арабиясы елдеріне қатысты жобалардың дизайнын құрастырдым. Қазір есептеп отырсам, Эмиратта жалпы саны он бес жобаның дизайнын жасаппын. Соның ішінде әлемдегі ең биік ғимарат Бурж Халифаның қасында орналасқан Address Boulevard қо­нақүйі мен жаңадан ашылған Bluewaters аралында салынған әйгілі Ceaser қонақүйін ерекше атап өтер едім. Әр дизайнердің жүрегінен ерек­ше орын алатын жобасы болады. Бұл екі қонақүйдің дизайнын сызған күннен бастап, әр кірпіші қаланғанға дейін қобалжып, тіпті жиһаздарын таңдағанға дейін уайымдап жүрдім. Сол себепті, «Мынау мен сызған дизайн бойынша салынған ғимарат» деп осы екеуін ерекше мақтанышпен айта аламын.  width= – Әлемге әйгілі осы қонақүй­лерден бөлек, араб шейхтарының сарайларын сәндеумен айналысып, мұнда бас дизайнер қыз­ме­тін атқарыпсыз. Шейхтармен жұ­мыс істеу мүмкіндігі қайдан туын­дады? – Жоғарыда атап өткен аме­ри­ка­лық компанияда жұмыс істеп жүр­генімде жұмысымды ұнатқан көп­шілік, соның ішінде ірі компания өкілдері «Сіздің жұмыс істеу стиліңіз ұнайды. Бізге кел­сеңіз қайтеді?» деп ұсыныстар білдіре бастады. Сондай ком­па­ниялар­дың ішінде шейхтің компаниясы да бар. Компания бас­шы­лығы бас дизайнер қыз­метін ұсынған соң, ойланбастан келісе кеттім. Сөйтіп, мұн­да он төрт адамнан құ­рал­ған команда жасақтап, көптеген жобаларды жүзеге асырдық. Шейхтің компаниясында бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан қол астым­дағы ди­зай­нерлер сарай, қорған, вил­ла, шейхтің жеке тұр­ғын үйінің сызбасын құрас­тыруды үйренген. Ал мен кеңсе, аурухана, қо­нақүй дизайнына маманданған соң, шейхтің берген тапсырмаларына жаңа көз­қарас, жаңа леп әкелдім деп ойлаймын. Жалпы, мұнда сол шейхтің же­­­кеменшік сарайлары және иелігіндегі жылжымайтын мүлік­тердің дизайнын құрастыруға жауапты болдым. Келісімшартқа сәйкес, жұмыс про­цесі құпия түрде қалуы шарт бол­ғандықтан, бұл жөнінде егжей-тег­жей айта алмаймын, алайда бұл мен үшін бұрын-соңды жасамаған қы­зықты жобалар болды. Қазіргі таңда Абу-Даби қаласын­да түрлі жобаларда жұ­мыс істеймін. – Қазақстанда интерьер дизайнері секілді маманның қыз­метіне жиі жүгіне бермейтін се­кілді. Елге келіп-кетіп жүргенде мұ­­ның анау айтқандай оңай емес, күрделі процестен тұратын ерек­ше кәсіп екенін сендіруге ты­рысқан сәттеріңіз болды ма? – Мен оқуға түскен жылдары ин­терьер дизайнері Қазақстанда өте тар бағыттағы мамандық, онша қа­жеттілігі жоқ деп есептелді. Бұл тек Қа­­­зақстанда ғана емес, әлемнің көп­те­ген елінде кездесетін жайт, бізді көп­шілік декоратор маманымен ша­тастырады. Сосын бұған жүгі жеңіл мамандық ретінде қарайды. Ал мен мұның қыр-сырын меңгеру үшін үш жыл бойы жат елде, күн демей, түн демей оқыған адам ретінде сізге ай­тайын, бұл – оңай мамандық емес, мұны оқу, меңгеру үшін көп уақыт пен сабыр керек. Мәселен, Сауд Ара­бия­сы мен Иордания елдеріне қа­­тыс­ты жобаны әзірлеу ұсынысы ке­ліп түскенде, «Оларға қалай дизайнер боламын, бұл елдерге ешқашан табаным тиген емес?!» деп уайымдағаным бар. Дегенмен жобаны бастамас бұ­рын, біраз уақыт бойы әбден дайындалдым. Жалпы, мен әлеуметтік же­лі­ге үңілгенді ұната бермеймін. Себебі ескі көзқарасты ұстанатын маманмын, заманауи тілмен айтқанда олдс­кул өкілімін. Сол себепті жобама қатысты кітаптарды, газеттердегі ма­қалаларды оқығанды ұнатамын. Бұл кітаптардан өзіме керегін алған соң, сол елдің галереясын аралап шы­ғамын. Сол елдің сурет өнерін, қол­данылған өрнектер және текстурасымен танысып, сонымен қатар ерлері мен әйелдерінің киім үлгісіне, тіпті сол елде мекендейтін жануарлар мен өсетін өсімдіктерге дейін зерт­теп, түгелін суретке түсіріп аламын. Сөйтемін де, кеңсеге келіп, әлгі суреттерден коллаж жасаймын. Сол кезде көз алдыма белгілі бір ди­зайн­ның сұлбасы шыға келеді. Сосын тап­сырыс берген клиентке бұл жоба ту­ралы презентация жасаған кезде «Мі­не, мынау – қонақ бөлмеңіз, анау – жатын бөлмеңіз» демеймін. Презентацияда жобамды сол елдің тарихына келістіріп, қанша ұзақ уақыт бол­са да, түгелін мұқият баяндап бе­ре­мін. Мұндайда клиент тек дизайнға емес, сонымен қатар та­рих­қа да сүйсінеді. Сөйтіп, ол мұны өз достары мен  әріптестеріне айтады, осы­лайша олардың арасында ғима­рат­тың ассоциациясы туралы пікір та­райды. Жұмыстың жобасы «О, мы­на ақ шкаф маған ұнайды! Жобаға кіріктіремін» деген секілді дизай­нер­дің жеке эгосы арқылы құрас­тырыл­майды, бұл тапсырыс берген елдің мә­дениеті, дәстүрі, әдеп-ғұрпымен ты­ғыз байланысты болуы керек. Со­сын әр елдің өзіндік шектеулері бар, мә­селен, Араб елдерінде рұқсат етіл­мейтін колорит Еуропаға жарауы мүм­кін немесе керісінше, еуропа­лық­тар қолай көрмейтін бір сызба Араб ел­деріндегі ғимаратқа құйып қой­ғандай жарасуы мүмкін. Сол себепті мұның өте күрделі процесс екенін ерек­ше атап айтқым келеді. Қазақ­станға қатысты айтар болсам, әлеу­меттік желілер арқылы менің маман­дығым бойынша Алматыда бірнеше білікті мамандар бар екенін байқа­дым. Алайда олар тек пәтер дизайнымен шектеледі екен, бұл шектеуден шығып, қонақүй, аурухана, кеңсе дизайнын сызғанын байқай қой­ма­дым. Өзге қалаларда да интерьер ісі­не енді бас сұғып жатқан дизайнер­лер бар шығар, мүмкін мен байқамай жүрген болармын. Дегенмен елде әріп­тестерімнің көбейіп келе жат­қа­нына қуаныштымын. Осылайша, қатарымыз көбейе беретін болса, ел­де жоғарыда атап өткендей ма­ман­дық ретінде есептелмейтін кәсі­бі­мізге деген құрмет арта түсер. – Әлеуметтік желідегі парақ­шаңызда Нұр-Сұлтанда люкс сти­лінде салынған қонақүйге тұ­рақтағаныңызды байқап қал­дым. Әлемдік деңгейдегі бес жұл­дызды қонақүйдің дизайнын сы­зып жүрген маман ретінде елор­далық қонақүйге берер ба­ғаңыз қандай? – Біріккен Араб елдері секілді ту­ристер ағылып келетін қалада тұр­ған соң, көзқарасың өзгеріп, бар­лы­ғына сыни тұрғыда қарай бастайды екенсің. Нұр-Сұлтанда мен тоқтаған сол қонақүйді әлемдік деңгейде баға­лай­тын болсам, маған мұнда барлы­ғы ұнады. Қабырғасы биік, іші кең, барлығы тартымды, әрі қыз­мет­кер­лердің түгелі дерлік ағылшын тілінде сөй­лейді. Сосын басқа қонақүй­лер­дегі­дей «Міне, кілтіңіз, өзіңіз барып орналасыңыз» демей, менімен бірге ілесіп, есікті ашып беріп, ненің қайда жат­қанын егжей-тегжей түсіндіреді. Біз – дизайнер ретінде ең алдымен қонақүйдің әдемілігін емес, функция­сын ойлаймыз. Өйткені Араб елде­рі­нің қонақүйлеріне күн сайын жүз­деген турист тұрақтап жатады, олар­ға әдемілігінен бұрын, барлығы жай­­лы болғаны қажет. Ал астанадағы қо­нақүй тек әдемілік жағынан емес, со­нымен қатар  функциясы  жағынан да әлемдік қонақүйлерден еш кем түс­пейді. Тек елімізде мұндай қонақ­үй­лер көбейе берсе екен деген тілегім бар. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы секіл­ді ірі мегаполистерде ғана емес, сонымен қатар кішігірім қалалардағы қонақүйлердің жағдайы түзелсе екен деймін. Осыдан бір-екі жыл бұрын от­басылық жағдаймен елге барған бо­латынмын, сол кезде кішігірім қа­лада орналасқан қонақүйге тоқ­та­дым. Әлгі қонақүйдің жұпыны келбетін көргенде, жүрегім ауырып, дәл сол жерде бүкіл жұмысты тастай са­лып, барлығын өз қолыммен жөн­дегім келіп кетті. Қазақстанда мұн­дай жарамсыз күйде тұрған қонақ­үйлер көп екені белгілі. Осыған бай­­­ланысты менде үлкен арман пай­да болды, бұл – елдегі шағын қа­лаларда үш немесе төрт жұлдызды қо­нақүйлер көптеп салынса екен деген тілек. Менің ойымша, Қазақ­станға шет­елдік туристердің жолын ашу к­ерек, виза алудың жолдарын оңай­лату қажет. Сонымен қатар елімізде ағыл­шын тілінде сөйлейтін жастар көп, көпшілігі жұмыс таппай, қи­на­лып жүр, сол қонақүйлерге оларды жұ­мылдырып, келушілер санын арт­тыру ісі қолға алынса, түбі бір нәти­же шығады ғой. Бұл да жастарды жұ­­мыспен қамтудың бір түрі  емес пе? Шетелдік таныстарым «Сен еліңді жақ­сылап сипаттайтының сонша­лық, келесі еңбек демалысымызда Қа­зақстанға барамыз деп шештік. Бар­ған соң, қай жерлерге барсақ бо­лады?» деп тізім құрас­тырып беруімді сұрап жатады. Бару керек деген жер­лерді тізіп беремін де, соңынан «Айт­пақ­шы, олар ана жер­ге барса, қай жер­ге тоқтайды? Қай­да түнейді?» деп ой­ланып қала­мын. Елге барған бар­лық туристің бес жұлдызды қонақ­үйге тоқтамай­тыны белгілі жайт. Сол себептен аймақтарда үш немесе төрт жұл­дыз­ды қонақүйлерді көп тұрғы­зып, мұ­ны әрлеу ісіне елдегі дизайнерлерді жұмылдыру керек. Бәлкім, мен де бұл қатарға қосылармын. – Қатарға қосылу демекші, әлем­ге әйгілі небір жобаларды жү­зеге асыруға атсалысқан сіздей маманды Қазақстанда ешкім­нің танымайтыны қызық екен... – Жалпы, өз басым көзге түскенді ұната бермеймін, жұмысымды тыныш атқарғанды жөн көремін. Жұ­мыс процесі және бұдан шығатын нәтижені бәрінен жоғары қоямын. Бұған қол жеткізбейінше ешкіммен бай­ланыс орнатқым келмей, жұмыс­тың сапалы орындалуын уайымдап бітемін. Сосын әу бастан дизайн әле­мінде есімі мәшһүр Норман Фостер немесе Заха Хадид секілді танымал болуды мақсат тұтпадым. Мүмкін, бұл дұрыс та емес шығар. Қытай, Иор­дания, Токио, Сауд Арабия және БАӘ елдерінде менің көмегіме жүгінетіндер саны көп болғанымен, расымен Қазақстанда маған сұраныс жоқ. «Құралай, елде бір үлкен ғи­марат ашқалы жатырмыз, мұнда келіп жұмыс істеуге қалай қарайсыз?» деп хабарласқан ешкім болмады. Жо­ғарыда атап өткендей, елде мені дұрыс танымайды. Бәлкім, өз-өзімді дұрыс жарнамалай алмайтын шы­ғар­мын. Дегенмен осы сұхбаттан кейін, сіздің басылымыңыз арқылы көп­ші­лік тани жатар деген үміттемін.  

Сұхбаттасқан

Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ