Ресейде наркологиялық клиника өртеніп, 4 адам мерт болды

Ресейде наркологиялық клиника өртеніп, 4 адам мерт болды

Ресейде наркологиялық клиника өртеніп, 4 адам мерт болды
ашық дереккөзі
Ресейдің Красноярск қаласында жекеменшік наркологиялық клиника өртеніп,  4 адам мерт болды. Тағы 2 адам жарақат алды. ТАСС-тың хабарлауынша, 17 қыркүйек күні сағат 03:46-да (Мәскеу уақытымен 23: 46) Красноярскідегі Мир даңғылында орналасқан «Таза қала» жеке наркологиялық клиникасынан өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түскен. «Алдын ала мәліметтер бойынша өрт салдарынан 6 адам зардап шегіп, төртеуі қайтыс болды», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен. Ғимараттың бірінші қабатындағы кабинетте 10 шаршы метр алаңда өрт шығып, өрт сөндірушілер алты адамды құтқарған. Ғимаратта адамдардың бар-жоқтығына тексеру жүргізілді, жалын сөндірілді. Оқиға орнына эвакуацияланған адамдарды жылыту үшін автобус жіберілді. Апат орнында болған 16 адам құтқарылды, 12 адам тұрғын үйдің кіреберісінен эвакуацияланды, оның ішінде бір бала бар. Еске сала кетейік, бұған дейін Бейрутта жаңадан салынып жатқан сауда кешені өртенгенін хабарлағанбыз.