Данэлия Төлешова America' s Got Talent байқауының финалына өтті

Данэлия Төлешова America' s Got Talent байқауының финалына өтті

Данэлия Төлешова America' s Got Talent байқауының финалына өтті
ашық дереккөзі
Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова АҚШ-та өтіп жатқан America' s Got Talent өнер додасының ақтық сынына жолдама алды. Бұл туралы оның  PR-директоры әлеуметтік желіде хабарлады. «Данэлия Төлешова АҚШ көрермендерінің бір тәулік ішінде дауыс беру нәтижелері бойынша фавориттер қатарында болды және әлемдік шоу финалында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Финалға өту үшін сынға түскен қатысушылардың үштігінде Данэлиямен қатар «Golden buzzer»-дің (қазылар алқасының арнайы қолдауы) екі иегері болды, алайда көрермендер қазақстандық әншіні қолдады», - деп хабарлайды Данэлия Төлешованың PR-директоры Татьяна Синенко Фейсбуктегі парақшасында. America' s Got Talent 15-кезеңінің финалы 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.