15 Қыркүйек, 18:24 276 0 Праймериз Túrkistan Gazeti

Праймериз: Ақмолалық үміткерлер ауыл шаруашылығы мәселелерін көтерді

Ақмола облысының Астрахан ауданында праймеризге қатысушылардың пікірсайысы белсенді түрде өтіп жатыр.

Бүгін Зеленое ауылында өткен саяси пікірталасқа бизнес, мәдениет, өндіріс, білім беру салаларының өкілдері қатысты. Пікірсайыс әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілді.

Сөз сөйлеушілердің әрқайсысы регламентті сақтай отырып, қатысушыларға өз жобалары мен жоспарлары туралы айтып берді. Праймеризге қатысушылардың арасында арасында мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығын кадрлық қамтамасыз ету тақырыптары қызу пікірталас тудырды. Проблемаларды шешудің бір шешімі ретінде мал шаруашылығымен айналысу үшін бюджеттік субсидиялауды арттыру қарастырылды.

Агроөнеркәсіптік кешен экономиканың базалық саласы екені және адам өмірінің барлық салалары оның жай-күйіне байланысты болатыны да баса мән бере айтылды.

Сондай-ақ, пікірталасқа қатысушылар жерді жекешелендіру тақырыбы бойынша пікір білдірді. Пікірсайысшылар Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың аграрлық секторға инвестициялар аса маңызды және болашақта алдымызда ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға тарту нысандарын әзірлеу міндеті тұр, - деген сөздерін қолдайтындарын атап өтті.

"Көпшілік пікірсайыс —  мәселені талқылаудың және шешудің, сонымен қатар басқа да қиын сұрақтарға жауап іздеудің таптырмас жолы. Біздің ауданда праймериздің 41 қатысушысы тіркелген, олар 12 топқа бөлінген, олардың барлығы пікірсайысқа қатысады", - деп пікір білдірді "Nur Otan" партиясы Астрахан аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Құралбек Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар