Алматыда жыл соңына дейін 11 дәрігерлік амбулатория ашылады

Алматыда жыл соңына дейін 11 дәрігерлік амбулатория ашылады

Алматыда жыл соңына дейін 11 дәрігерлік амбулатория ашылады
ашық дереккөзі
Жыл соңына дейін Алматының шалғай ықшамаудандарында 11 дәрігерлік амбулатория ашылады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желіде хабарлады.  «Есеп беру кездесулерінде тұрғындар шалғай ықшамаудандарда медмекеме жоқтығын айтқан еді. Осыған орай 2019 жылдың қыркүйегінде емханасы жоқ ықшамаудандарда амбулатория жұмысын ұйымдастыру бойынша үш жылдық бағдарламаны әзірлеп, іске қостық»,– дейді шаөар басшысы. Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше, медициналық қызмет көрсету үшін 35 амбулатория қажет. Өткен жылы «Алтай-1», «Кеңсай-1», «Көлсай», «Тау самалы», «Қарағайлы», «Томирис», «Ақбұлақ» және басқа ықшамудандарда осындай 11 медмекеме ашылған. Жақында Түрксіб ауданындағы 13-ші әскери қалашық учаскесінде дәрігерлік амбулатория жұмысын бастады. Жыл соңына дейін әкімдік тағы 11 амбулатория ашуды жоспарлап отыр. Ал қалған 12 амбулатория 2021 жылы ашылмақ. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Алматы әкімі коронавирустың күздегі жаңа толқынына дайындық аясында қалада  7 700 пациентке орын дайындалып жатқанын мәлімдеген еді. Бүгінде қалада коронавирус жұқтырғандар саны 14 324-ке жетті. Олардың 13 937-сі емделіп шықса, 269-ы көз жұмды.