Дауыл соғып, найзағай ойнайды: Еліміздің үш өңірінде ескерту жарияланды

Дауыл соғып, найзағай ойнайды: Еліміздің үш өңірінде ескерту жарияланды

Дауыл соғып, найзағай ойнайды: Еліміздің үш өңірінде ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Елімізде үш облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет". Синоптиктердің мәліметінше, 14 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Жел - оңтүстік-батыстан, ал күндіз батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Оралда 14 қыркүйекте күндіз найзағай жарқылдайды. Жел - оңтүстік-батыстан, сондай-ақ батыстан ұйтқып соғатын желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді. Дауылдың ықтималдығы 85-90%. 14 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Дауылдың ықтималдығы 90-95%. Сондай-ақ, ертең Қызылорда облысында жел күндіз солтүстік-батыстан, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Дауылдың ықтималдығы 90-100%.