13 Қыркүйек, 16:29 213 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Ұлыбританияда вакцина сынағы қайта жанданды

Ұлыбританияның Оксфорд университеті мен AstraZeneca бірлесе жасаған коронавирусқа қарсы вакцина сынағы қайтадан жалғасын тапты.

Естеріңізде болса, бұған дейін індетке қарсы вакцинаның клиникалық сынақтары тоқтатылғанын хабарлаған едік. Оған препараттың сынаққа қатысушылардың біріне кері әсер етуі себеп болды.

Алайда  елдегі дәрілер мен медициналық мақсаттағы заттардың сапасын қадағалайтын агенттік (MHRA) зерттеу жүргізіп, екпенің зиянсыздығы туралы қорытынды жасады. Осылайша вакцина сынағын жалғастыруға мүмкіндік туды.

Айта кетейік, Оксфорд университеті мен AstraZeneca бірлесе жасаған вакцина әлемде жасалып жатқан үздік екпелердің бірі саналады. Екпе  сынақтың алғашқы екі кезеңінен сүрінбей өткен. Алайда 3-тестілеу кезеңінде сәтсіздікке ұшырады. Сынақтың үшінші кезеңіне қатысуға  АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия және Оңтүстік Африка елдерінен 30 мыңға жуық адам ниет білдірген.

Соңғы жаңалықтар