Түркістан облысына Германия және Украинадан гуманитарлық көмек келді

Түркістан облысына Германия және Украинадан гуманитарлық көмек келді

Түркістан облысына Германия және Украинадан гуманитарлық көмек келді
ашық дереккөзі
Түркістан облысына Германиядан және Украинадан гуманитарлық көмек келіп жетті. Көмек медициналық бетперде, меропенем, левофлоксацин секілді аса қажетті заттардан тұрады. Келіп жеткен дәрілік заттарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент қызметкерлері мен дәрігерлер қабылдап алды. Жалпы саны 4 000-нан асатын медициналық препараттар мен қорғаныш бетперделері қажеттілігіне қарай ауруханалар мен емханаларға таратылатын болады. Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық фактілері орын алмас үшін, барлық препараттарға «тегін» деген жазуы бар арнайы мөр басылады. Бұл шаралар облыстағы коронавирустың таралу жағдайы азайып, ақуал тұрақталғанша жалғаса бермек.