Алматыда кардиологиялық орталық жанындағы ғимарат өртеніп жатыр

Алматыда кардиологиялық орталық жанындағы ғимарат өртеніп жатыр

Алматыда кардиологиялық орталық жанындағы ғимарат өртеніп жатыр
ашық дереккөзі
«Төтенше жағдайлар департаментінің 42 қызметкері мен 14 техника Алмалы ауданы Төле би көшесіндегі 98-үйдегі шақырту бойынша өртті сөндіріп жатыр. Қазіргі мәлімет бойынша жеке тұрған ғимараттың шатыры отқа оранған. Өрт гидранттары жіберіліп, гидранттарға автоцистерна орнатылды», – деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі. Газ түтіннен қорғау қызметі ғимарат ішінде адамның бар жоғын анықтау үшін барлау жүргізіп жатыр. Оқиға орнына өрт сөндіру бригадасы келгенше, ғимараттың артқы жағында орналасқан оттегі құятын стансада жарылыс болды. Соның салдарынан төбе жабындысы құлаған. Қазір қауіп сейілді. Қызыл жалынның таралуы тоқталып, сағат 15:47-те оқшауланды.