«СҚ Фармацияның» бұрынғы басшысы қамауға алынды

«СҚ Фармацияның» бұрынғы басшысы қамауға алынды

«СҚ Фармацияның» бұрынғы басшысы қамауға алынды
ашық дереккөзі
«СҚ Фармация» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Берік Шәріп ұсталды, – деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. ТЖ кезінде медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша «СҚ Фармация» ЖШС-ның бұрынғы Басқарма төрағасы ұсталып, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша тергеу изоляторына қамалды. «14 тамызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады», – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.