Әлемдегі ең табысты әртістердің тізімі жарияланды

Әлемдегі ең табысты әртістердің тізімі жарияланды

Әлемдегі ең табысты әртістердің тізімі жарияланды
ашық дереккөзі
Forbes әлемдегі ең табысты әртістердің тізімін жариялады. Басылым сайтында жарияланған тізімде Дуэйн Джонсон көш бастап тұр.  Өткен жылы да Джонсон ең жоғары ақы төленетін әртіс деп танылған болатын. Forbes-тың жазуынша, оның жылдық табысы - 87,5 миллион доллар. Мәселен, биыл Netflix-те шығатын «Қызыл хабарлама» (Red Notice) фильміндегі рөлі үшін әртіс 23,5 миллион доллар қаламақы алған. Ал жылдық табысы 71 миллион долларға бағаланған канадалық әртіс Райан Рейнольдс екінші орыннан көрінді.  Актер «Бұлыңғыр алтылық» (6 Underground) және «Қызыл хабарлама» (Red Notice) фильмдеріндегі рөлдері үшін 20 миллион доллардан аса табыс тапқан. Тізімдегі үшінші орын жылдық табысы 58 миллион долларды құрайтын америкалық Марк Уолбергке бұйырды. Ол  «Мак-Миллиондар» (McMillions) және «Уолл-стрит» (Wahl Street) деректі фильмдерінің продюсері ретінде еңбектеніп, осынша табысқа қол жеткізген. Сондай-ақ, рейтингтің алғашқы ондығында Бен Аффлек ($55 млн), Вин Дизель ($54 млн), Акшай Кумар ($48 млн), Лин-Мануэль Миранда ($45,5 млн), Уилл Смит ($44,5 млн), Адам Сэндлер ($41 млн) және Джеки Чан ($40 млн) бар.