Алматыдағы Наурызбай аудандық сотының төрағасы қайтыс болды

Алматыдағы Наурызбай аудандық сотының төрағасы қайтыс болды

Алматыдағы Наурызбай аудандық сотының төрағасы қайтыс болды
ашық дереккөзі
Наурызбай аудандық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергенов 53 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. "Кеше, 9 тамызда Наурызбай аудандық сотының төрағасы Төлепбергенов Серікбай Алдабергенұлы кенеттен қайтыс болды", – деді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын. Сондай-ақ Төлепбергеновтың көз жұмғаны туралы Наурызбай аудандық сотының Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарланды. Қайғылы жағдайдың мән-жайы әзірге белгісіз. Серікбай Төлепбергенов 1967 жылы 5 тамызда қазіргі Түркістан облысы Бабай-Қорған ауылдық округінде туған. 1991 жылы инженер-механик мамандығы бойынша білім алып, ал 1998 жылы заңгер дипломын алған. Еңбек жолын совхозда жұмысшы болып бастаған. С.Төлепбергенов түрлі салада еңбек еткен: тауартанушы, инспектор, заңгер, сондай-ақ судья, сот орындаушысы және сот төрағасы болған. Өмірінің соңғы жылдары Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында қызмет етті. Үйленген, артында үш ұлы қалды.