Қандастарды дайындық бөліміне қабылдау басталды

Қандастарды дайындық бөліміне қабылдау басталды

Қандастарды дайындық бөліміне қабылдау басталды
ашық дереккөзі
Қандастарымыз мемлекеттік білім беру тапсырыс бойынша жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде білім ала алды. Осы мақсатта Қазақстан Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысына сәйкес 2021-2022 оқу жылына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орындарының дайындық бөлімінде Қазақстанның азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды оқытуға 1300 орын бөлінді. Оқуға түсуге арналған құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Білім және ғылым министрлігінің Балон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының веб-порталы https://enic-kazakhstan.kz арқылы онлайн режимде жүргізіледі. Сондай-ақ Қазақстанның шетелдегі мекемелеріне жеткізу үшін Сыртқы істер министрлігіне хат жолданды. Үміткерлерден құжаттарды қабылдау ережесіне сәйкес қадамдық нұсқаулығы төменде көрсетілген. Құжаттарды онлайн режимінде тапсыру бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +7 (7172) 287526 нөміріне және  admission@n-k.kz  поштасы бойынша хабарласып білуге болады. Сонымен қатар, «Отандастар қорының» төменде көрсетілген нөмірлері бойынша хабарласа аласыздар. Немесе мына батырманы басу арқылы құжаттарды қалай онлайн тапсыруға болатыны көрсетілген.