Қандастар гуманитарлық көмек жіберді

Қандастар гуманитарлық көмек жіберді

Қандастар гуманитарлық көмек жіберді
ашық дереккөзі
Саратовтағы қазақ диаспорасы Орал қаласына гуманитарлық көмек жіберді. 5 мың дана медициналық бетперде, 50 электронды термометр, 250 қорап антисептик және 2 мың жұп бір рет қолданылатын қолғаптар - жалпы құны 8,6 миллион теңгеден асатын гуманитарлық көмек Орал қаласындағы медициналық мекемелер мен жалғызбасты зейнеткерлерге, тұрмысы төмен отбасыларға таратылмақ.  width= Сонымен қатар Германияда тұратын Еуропа қазақ форумы ұйымының мүшелері (European Kazakh forum) Германияның Мюнхен қаласындағы Қазақстанның бас консулдығына гуманитарлық көмек апарды. Қандастар 700-ден астам дәрі-дәрмек және медициналық бетперделер мен қолғаптар табыстаған.  width=  

Ділда УӘЛИБЕК