31 Шілде, 15:04 565 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

COVID-19: 123 медицина қызметкеріне 2 миллион теңгеден төлемақы берілді

31 шілде жағдай бойынша COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне төлем жасауға 123 өтінім келіп түсті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өңірлер бөлінісінде өтінімдердің ең көп саны Алматы қаласынан (46), Алматы (38) және Солтүстік Қазақстан (10) облыстарынан келіп түсті. Барлық келіп түскен өтінімдер бойынша МӘСҚ-дан 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылды.

Медицина қызметкерінің коронавирустық инфекциядан, вирустық пневмониядан қайтыс болу жағдайлары бойынша МӘСҚ-қа өтінімдер түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар