30 Шілде, 19:51 318 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Коронавирус жұқтырған 120 медицина қызметкеріне өтемақы төленді

Қазақстанда коронавирус жұқтырып, қайтыс болған 71 медицина қызметкерінің туған-туыстарынан өтемақы алуға өтініш түсті, – деп жазды ҚазАқпарат.

«Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен хабарластық. Ол министрлікке Денсаулық сақтау министрлігінен өтінім берген дәрігерлердің тізімі түседі. Бүгінгі күннің өзінде 123 дәрігердің өтініші қанағаттандырылды. 123 адамның 120-сы өтемақыны толықтай алды. Ал қайтыс болған медициналық қызметкерлерге қатысты айтар болсам, 71 өтініш келіп түскен. Ол азаматтардың тізімін Денсаулық сақтау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдады. Жақын күндері олар (қайтыс болған медициналық қызметкерлердің туған-туыстары) қаражатты алатын болады», – деді Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов.

Үкімет басшысының орынбасары өтініш түскен күннен бастап уақыт оздырмай өтемақыны бірден беру мәселесі шешіліп жатқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар