Австралиядағы орман өрті 3 млрд жануарды қынадай қырды

Австралиядағы орман өрті 3 млрд жануарды қынадай қырды

Австралиядағы орман өрті 3 млрд жануарды қынадай қырды
ашық дереккөзі
Австралиядағы алапат орман өртінен 3 млрд жануар қырылды. Бұл –соңғы екі жылдағы қызыл жалыннан зардап шеккен жануралар статистикасы.  Дүниежүзілік табиғат қорының есебіне сүйенсек, өрттен қырылған жануарлардың басым бөлігі – сүтқоректілер, бауырымен жорғалаушылар, құстар мен құрбақалар. Қызыл жалыннан бас сауғалап, орманын тастап қашқан жануарлардың саны да аз емес. Олардың арасында  еріктілер құтқарып қалған коала мен кенгурулар көп. Орман өрті салдарынан жануарлардың кейбір түріне толығымен жойылып кету қаупі төніп тұр. Айта кетейік, Австралияда соңғы жылдардағы өрт 11 млн гектар жасыл желектің күлін көкке ұшырған. 11