Бақытгүл Ғибадатқызы: Журналистердің арқасында жанайқайым "жоғары жаққа" жетті

Бақытгүл Ғибадатқызы: Журналистердің арқасында жанайқайым "жоғары жаққа" жетті

Бақытгүл Ғибадатқызы: Журналистердің арқасында жанайқайым "жоғары жаққа" жетті
ашық дереккөзі
Газетіміздің 2020 жылғы 28 ма­мырдағы №21 санында «Мүгедек­тігін дәлелдей алмай жүр» деген та­қырыппен мақала жарияланған бо­латын.  Онда Моңғолиядан көшіп кел­ген қандасымыз Бақытгүл Ғиба­дат­қызының басындағы тұрмыс тауқы­меті, пәтерден-пәтерге көшіп жүріп жұқпалы дертке шалдыққаны, дертіне бай­ланысты мүгедектігі үшін беріле­тін әлеуметтік төлемді де ала алмай әуре-сарсаңға түскені жайлы жазған едік. Газет қозғаған мәселені аяқсыз қалдырмай, бақылауда ұстап оты­ратын бұлжымас дағдымыз бар екені оқыр­манға мәлім. Бұл мақала газет бетіне шыққаннан кейін бірден Алма­ты облысына қарасты тиісті орын­дарға газет атынан хат жолдадық. Қандасымыздың мәселесі оң шешімін тауып жатқа­ны туралы Бақытгүл Ғибадатқы­зының өз аузынан естідік. – Сабырмен күте білген адам­ға ең жақсы нәрсе бұйыра­ды деген рас екен. Осыдан екі ай бұрын, өмірім басқаша, тұңғиық­қа батып бара жатқандай ауыр хал­де болды. Біріншіден жалғыз басты, аурушаң үш қыздың ана­сы едім. Туберкулездің ең ауыр түрімен ауырып, бір өкпеден айы­рылып, жұмыс істеуді айт­пағанда, жүріп-тұруым мұң еді. Ауруханада бір жыл жатып шық­қан менде, қайдан кіріс бол­сын? Туған-туыс, жақыныңнан еш қайыр жоқ, олардың  маған бө­ліп берері болмады. Жергілікті әкімшіліктен де қайыр болмады.  Сонымен, тағдыр мені аямай сынады. Мен әр сүрінген сайын қайта тұруға талпындым. Себебі қыздарым тым кішкентай, мен оларды қатал тағдырға тастағым келмеді. Өкпесі жоқ, мүгедек болсам да мына қиындықтармен күресемін деп шештім. Мен өз құқығымды қанша қорғасам да, маған тиесілі мүгедектік беріл­меді. Балаларым үшін алуға тиіс жәрдемақы да тимеді. Жұмысқа ешкім ала қоймады. Себебі маң­дайым­да тайға таңба басқандай ауру екенім көрініп тұр. Мешіт жағалап, қайыр сұрауға арым жі­бермеді. Мен зайырлы мемле­кетте тұрып, не үшін қайыршы­ның күнін кешуім керек? Қатты жалғызсырадым. Бармаған жерім қалмады, қақпаған есігім жоқ. Мемлекеттік әлеуметтік са­раптама бөлімі мені көрсе, жау көргендей, әр барған сайын ме­нің құжаттарымды қарамай, дұрыс шешім шығармады. Әр кез көрсеткен мінездері еңсемді баса берді. Осыдан кейін менің бір өзімнің шамам жетпейтінін тү­сіндім. Үмітім үзіліп, қолды бір сілтеп, бәрінен баз кешуге шақ қал­дым. Осы кезде маған еліміз­дің білікті журналистері қол ұшын созды. Менің жағдайыма бе­й-жай қарамай, көңіл бөлген ха­лықаралық Тúrkistan газетіне алғысымды білдіремін. Сондай-ақ Qazaqstan dauiri басылымы және басқа да ақпараттық сайт­тардың журналистері менің жанайқайыма құлақ асқанына дән ризамын.  width= Ал «31 арнадағы» «Кел, та­тула­сайық» бағдарла­ма­сының журналисі Айбек Нұрқа­сымұлы хабарласып, «бірге күре­сейік, тек бағдарламаға келіңіз­ші» дегенде мен жығылған ор­нымнан қайта тұрғандай бол­дым. Бағдарламаға шыққан соң маған уақытша баспана берілді. Осы уақыт аралығында ха­лық та менің жағ­дайым­нан хабардар болды. Қол­дау көрсетті. Содан жеке қордың төрайымы Эльмира Ешниязова деген ханымнан мен өзім көмек сұраған едім. Ол кісі Солтүстік Қа­зақстаннан үй алып беруге ке­лісті, үйге келіп менің жағ­дайым­ды көріп, интернетке са­лып, халықтан ақша жинады. 770 000 теңге жиналған кезде, мен жарқ етіп «31-арнадан» шы­ға қалдым, сонымен бұл кісі ма­ған жиналған ақшаны беруден бас тартты. Себебі мен солтүстік­тен үй алғаныммен, ол жақтың қысы қатты, ал менің денсаулы­ғым оны көтермейтінін айттым. Шынымды айтсам, күре­суден шаршап, қажып кеттім. Журналистердің арала­суы­ның арқасында бұған дейін жүре сөйлесіп келген, Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының әкім­шілігі жұмысқа шақырды. Әлеуметтік жәрдемақыны да бітіріп береміз деген уәделерін алдық. Күтпеген жер­ден, маған ұялы телефоныма мүгедектік тағайындалды деген хабарлама келді. Заңды құқығым қорғалғанына қуандым. Талай­дан бері шешімін таппай жүрген ең басты мәселе бір жарым айда шешілді. Жеке кәсіпкер әрі түрлі кәсіппен айналысатын атымтай жомарт Жанат Алтынғадысұлы маған екі бөлмелі пәтердің кіл­тін сыйлады. Бұл шынымен түсі­ме кірмеген жағдай.  Алғысым шексіз ол кісіге. Жақындарым іс­тей алмаған жақсылықты жа­сады. Мені және қыздарымды баспаналы етіп, төбемізді көкке жеткізді. Пәтерден-пәтерге көшіп қиналған ауыр күндер артта қалды. Оның үстіне құрт ау­руына бола, жұрт менен қорқып, қанша пәтерден қуып шық­ты. Менімен кейбір адамдар ара­ласудан қалды. Мен ауруды сұрап алғам жоқ, Алланың сы­нағы. Ең басты уайымым, ба­сымызда баспанамыздың жоғы еді, мен өлсем балаларым қаң­ғып далада қала ма деген ой мені қатты қинады. Өмірдің тосын сыйы мұ­нымен бітпеді, бір кез­дері тұрмыстың қиыншылық­тары­­мен ажырасып кеткен жол­дасыммен қайта табысуға мүм­кіндік туды. Балаларым бір кез­дері қол үзген әкелерімен та­бысты. Отбасым толыққанды бол­ды. Мұның барлығы өз ісінің шебері, әр тағдырға ерекше жауапкершілікпен қарай білетін жанашыр білікті журналистердің адал еңбегінің арқасы. Тоқсан ауыз сөздің то­бықтай түйінін айтар бо­л­сам, қарапайым халықты ден­саулық саласы болсын, әкім­діктегілер болсын, білім саласы болсын сергелдеңге салып, арлы-берлі сабылтқанды қоймайын­ша, қарапайым халық құқығын қорғай алмайды. Кәдімгідей шар­шап, өздеріне тиесілі көмек­ті де алудан бас тартып, қолды бір сілтеп, бәрінен күдер үзеді. Міне, өздеріңіз куәсіздер, мен тоқ­тамадым, қаншама кедергіге қарамастан, жалған намысты жиып қойып, өз құқығым үшін соңына дейін күрестім. Соңғы үміт аялдамасы мен үшін төр­тінші билік өкілдері болды.