Қытайда коронавирус қайта өршіді

Қытайда коронавирус қайта өршіді

Қытайда коронавирус қайта өршіді
ашық дереккөзі
Қытайда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 100-ден асты. Бұл туралы Қытайдың денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.  Комитет дерегінше, өткен тәулікте тіркелген 102 науқастың 96-сы – Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында (ШҰАА), бесеуі Ляонин провинциясында және біреуі – Бейжің қаласында тіркелген. Пандемия басталғалы Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 84 165-ға жетті. Науқастардың 78 957-сі емделіп шықты. Індеттен 4634 адам көз жұмды. Еске сала кетсек, жуырда АҚШ-қа қашып кеткен қытайлық вирусолог коронавирус жайлы шындықты жайып салған еді. Гонконгтық вирусолог Ли-Мэн Яньнің айтуынша, Қытай билігі коронавирустың жаңа түрі жайлы көпшілікке мәлімденген уақыттан анағұрлым ертерек  білген. Дәрігердің сөзіне сүйенсек, басшылары оның пандемия алғаш басталған кезде жүргізген зерттеулерін көзге ілмеген. «Бұл зерттеулер көптеген адамның өмірін құтқарып қалар еді», – дейді вирусолог.