28 Шілде, 21:15 323 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

COVID-19 жұқтырған 113 медицина қызметкеріне 2 миллион теңгеден төлемақы берілді

28 шілде, сағат 18.00-дегі жағдай бойынша COVID-19-бен күреске тартылған 113 медицина қызметкеріне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтыруына байланысты 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем төленді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, бұл төлемақыны алуға құқығы бар медицина қызметкерлерін облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармаларындағы арнайы комиссиялар ауру жұқтыруын тексеру нәтижелері бойынша анықтайды. Барлық өтінімдерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – ДСМ) жинақтайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен (ДСМ) Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘМСҚ) әлеуметтік төлем жасау туралы 123 өтінім келіп түсті. Өңірлер бойынша ең көп өтінімдер Алматы қаласынан (46), Алматы (38) және Солтүстік Қазақстан облыстарынан (10) келіп түсті. Қалған 10 өтінім бойынша деректерді ДСМ қосымша тексеруде.

Нақтыланған мәліметтерді ұсынғаннан кейін бұл медицина қызметкерлеріне дереу төлем тағайындалады.

Коронавирустық инфекциядан, вирустық пневмониядан медицина қызметкерінің қайтыс болу жағдайлары бойынша МӘСҚ-қа өтінімдер түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар