Нұротандықтар оттегі концентраторын алуға көмектесті

Нұротандықтар оттегі концентраторын алуға көмектесті

Нұротандықтар оттегі концентраторын алуға көмектесті
ашық дереккөзі
Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының жанынан ашылған провизорлық орталыққа бірнеше күн бұрын қорғаныс киімдерін алып берген ақтөбелік партиялықтар бүгін тағы жақсы жаңалықтармен оралды. Бұл жолы игі істі «Nur Otan» партиясының «СНПС – Ақтөбемұнайгаз»АҚ-дағы бастауыш партия ұйымы ұйымдастырып, қажетті аппараттарды алуға күзет фирмалары демеушілік жасаған. Орталықтың бас дәрігері, партияның қалалық филиалы саяси кеңесі мүшесі Ерлан Татимов жан-жақты қолдау көрсетудің нәжижесінде қазір орталықтағы аппараттар толыққанын айтты. Аппараттарды науқастардың барлығы бірдей қажет етпесе де, ем алып жатқан 300-ден астам адамға жеткілікті. – Бастауыш партия ұйымы, Алматы ауданы әкімшілігі және белсенді азаматтар акцияға атсалысып, 7 оттегі концентраторын сыйға тартып жатыр. Бір уақытта аппаратты 2 адам пайдалана алады. Яғни 7 концентратор 14 адамның ем алуына мүмкіндік береді. Бізді мемлекеттік емес ұйымдардың, ақтөбеліктердің азаматтық позициясы, халыққа деген жанашырлығы тәнті етті. Ниеттері мен құрметіне алғысымыз шексіз. Халық ауырмасын, дерт дендемесін, – деді ол.  width= Демеушілердің бірі «Күзет агенттігі Темірлан» ЖШС директоры Орынбек Шуреновтың айтуынша, аппараттар Ресейден 3 күннің ішінде әкелінген. Әрбірінің құны 550 мың теңгеден тұрады. –Біздің бастамамызға «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары, партияның Саяси кеңес мүшесі Тахталифум Есенғұлов қолдау білдіріп, белсенді партияласымыз, осы мекемедегі қауіпсіздік департаменті директорының орынбасары Абай Сақтағанов бірден қолға алды. Сондай-ақ Ақтөбе қаласының қоғамдық кеңесі де көмек көрсетті, – деді партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Жүсіпов. Оттегі концентраторларын алуға «Күзет агенттігі Темірлан» ЖШС, «Қазақстан қауіпсіздік жүйесі Груп» ЖШС АФ, «Аспанай Секьюрити» ЖШС және «Телекомсервисез» ЖШС демеушілік жасады. Айта кету керек, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» фракциясының мүшесі Хайдар Ілиясов Қобда аудандық ауруханасына осындай аппаратты тарту етті.