Атырау облысындағы мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек жеткізілді

Атырау облысындағы мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек жеткізілді

Атырау облысындағы мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек жеткізілді
ашық дереккөзі
«Халық» қайырымдылық қоры дәрі-дәрмек және азық-түлік өнімдерінің 1 000 жиынтығын ұйымдастырып, Атырау өңіріне жеткізді. Нәтижесінде отбасыларға дәрі-дәрмек, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдері, жуғыш және антисептикалық құралдар салынған 1 000 жиынтық таратылды, ал Атырау облысының медициналық ұйымдарына 1 000 пульсоксиметр, 100 оттегі концентраторы және COVID-19 індетіне қарсы қолданылатын медициналық препараттар жеткізілді. Бұдан бөлек, жуық арада облыстың медициналық мекемелеріне аса қажет өкпені жасанды жолмен тыныстандыратын 30 аппарат әкелінеді. Елде төтенше жағдай енгізілген уақыттан бастап «Халық» қайырымдылық қоры коронавирустық инфекцияның салдарымен күресуге және жоюға бағытталған үлкен жұмыс атқарды. Төтенше жағдайдан зардап шеккен көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға 20 000-нан астам азық-түлік жиынтығы, медициналық қызметкерлерге ақшалай төлемдер, қажетті медициналық құрал-жабдықтар: өкпені жасанды жолмен тыныстату аппараттары, ПТР зертханасы және жедел жәрдем машинасы түрінде жалпы сомасы 5,5 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді.