Камила Балтабайқызы: Ауруды қалай емдеу керегін бүкіл әлем білмей  отыр

Камила Балтабайқызы: Ауруды қалай емдеу керегін бүкіл әлем білмей  отыр

Камила Балтабайқызы: Ауруды қалай емдеу керегін бүкіл әлем білмей  отыр
ашық дереккөзі
Елімізде вирус өр­шіп тұр. Бүгінгі қа­лып­тасқан ахуал халық­ты тығырыққа тіреген­дей. Дәрі тапшы, табылса да бағасы удай. Ауру­ха­на­ларда науқас қабыл­дай­тын бос орын жоқ. Әр­кім өз бетінше ем алып жат­қаны тағы бар. Осы орай­да көптің кө­кейін­де жүр­ген сауал­дар­ды дә­рі­гер Камила Бал­табай­қы­зына қойған едік. – Індет өршіп тұр. Аурудың осы­лай асқынуына, оны ауыз­дық­тай алмай отырға­ны­мызға не себеп, сіздіңше? – Вируспен күресіп жатқа­ны­мызға бес айға жуық уақыт болды. Ал­ға­шында ақпарат дұрыс тарал­мағандықтан болар, халық вирустың қаншалықты қауіпті екенін онша түсінбеді, шынын айтқанда, сенбеді. Төтенше жағдай алынғаннан соң көп санитарлық шараларды сақтамады. Қазақ халқы тойды жақсы көреді ғой. Әлі күнге дейін құда күтіп, келін тү­сіріп, беташар жасап жатқандар бар. Вирус ауа тамшылары­мен ты­ныс жолдары арқылы тарайтын­дық­тан, осындай жиын-тойлар науқас­тар санының күрт өсуіне, вирустың жылдам таралуына алып келді. – Ауру белгілері әр адамда әр­қалай жүріп жатыр. Оның се­бе­бі неде? – Аурудың негізгі белгілері бас ауыру, мұрын бітелу, құрғақ жөтелдің пайда болуы, дененің түршігіп, қалтырауы, сүйектің қақсап ауыруы, дене қызуының көтерілуі. Бірінші күні дене қызуы 38-39 градусқа дейін, тіпті одан да жоғары көтерілуі мүмкін. Кей науқастарда 1 аптаға дейін дене қызуы сақталуы мүмкін, ал кейбірінде бірінші күні дене қақсап ауырып, субфебрильді дене қызуы сақталады.  Кей жағдайда дене қызуы қайта қалпына келіп, мұздай тер шығып, әлсіздік, иіс пен дәм сезбеу сынды белгілер байқалады. Жүректің қатты соғуы, тыныс алуының жиілеуі, ентігу секілді белгілер пайда болады. Вирусты әр науқас әртүрлі көтеріп жатыр. Бұл ауру артериялық гипер­тен­зия, қант диабеті, тыныс жолдарының созылмалы аурулары бар егде жастағы кісілерге өте ауыр соғып жатыр. Өйткені бұл вирус қанды қоюлатады. – Сақтану шараларына тағы да бір кеңінен тоқталып өтсеңіз. Өйткені сақтану шараларын жа­сау керегін білсек те, аса мән бер­мей жататын сияқтымыз... – Біріншіден, қолды күніне 5 рет жуу керек. Әсіресе даладан келгенде алды­мен қолды жақсылап сабынмен, сосын құрамында спирті бар антисептикалық құралмен жуу маңызды. Екіншіден, ауруға шалдыққан науқастардан алшақ жүру, адам көп жиналатын орындарға бармау, дүкен, дәріханада арақашық­тықты сақтау, мұрын бітіп, түшкіріп, жөтелгенде бет орамал қолданып, кейін оны жойып отыру керек. Масканы әр 3 сағат сайын алмастырған дұрыс. Үйді күніне екі рет желдетіңіз. Ең бастысы көңіл-күйді жақсы ұстау қажет. – Халық арасында вирусты халық емі жолымен немесе өз бетінше емдеу жағдайлары кез­десіп отыр. Мұндай ем-домды қолданудың қауіптілігі неде? – Мұндай ем шараларды мүлдем қол­дамаймын. Тұмау белгілерін сезсеңіз, өз мекен жайыңыз бойынша учаскелік дәрі­герге хабарласу керек. Жеңіл түрде ауыра бастағаннан учаскелік дәрігерге хабарласып, тиісті медициналық көмек алыңыз. Науқас жағдайының нашар­лауы­на жол бермеу керек. Интернетте не­бір емдік шаралар тарап жатыр. Мұн­дай ақпаратқа алданып, адаспаңыздар де­гім келеді. Не болса соны ішіп, қолдана бер­меңіздер. Өзі қорқып, шошып отыр­ған адамдарды одан сайын әлекке салып адастырып отырғандар бар. Күні бойы сарымсақ жеу немесе оның суын ішу бас­қа ағзаларға кері әсер етуі мүмкін. Сол үшін барлық ем-шараларды тек учас­келік дәрігермен ақылдаса отырып жа­саңыздар дегім келеді.  Біз онлайн режимде жұмыс істеп, телефон арқылы науқастың әрбір симптомын қадағалап отырмыз. Тиісті емді кешенді түрде алу керек. Өйткені бұл вирусқа тікелей әсер ететін дәрі әлі жоқ. Нақты мына дәрі көмектеседі деп ешкім айта алмай отыр. Ауруды қалай емдеу керегін бүкіл әлем білмей жатыр, тек бекітілген алго­ритмдерге сүйенеміз. Ауру белгі берген бірінші күннен вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер қолдану арқылы тез жазылып жатқан науқастар бар. Бірақ иіс, дәм сезбейтін жеңіл түрімен ауырғандардың өкпесі қабын­ғанын көріп отырмыз. Сол үшін иіс, дәм сезбей ауырғандар рентгенге түсуі керек. Өкпеңіз таза болса өте қуанышты жағ­дай, егер де қабыну байқалса, оны ме­дициналық жолмен емдетіңіз. Ең бас­тысы ағзаға ауруға өздігімен төтеп беру­ге, ауруды жеңуге көмектесу керек. Ол үшін шай, су, морс сынды сұйықтық пен қойдың майлы сорпасын көп мөл­шерде ішу керек. Вирусты халық емі, өзін-өзі емдеу шараларымен жоя ал­майсыз. Ондай жолмен емделемін деп жүріп уақытты текке өткізіп, ауруды өршітіп алмау жағын ойлаған абзал. – Қымыздың вируспен ауыр­ғандарға пайдалы екені ай­ты­лып жүр. Расында солай ма? – «Қымыз – қырық ауруға ем» деп текке айтпаса керек. Оның адам ағзасы­на пайдасы өте зор екені бәрімізге бел­гілі. Ресей ғалымдары бие сүтінен лак­тоферрин атты ақуызды тауып, қатерлі ісікке қарсы дәрі жасауда. Қымыздың құрамында С дәрумені сиырдың сүтіне қарағанда 10 есе көп бо­лады екен. Қымыз В1, В2, В12 дәру­мен­деріне өте бай. Қан аздық, әлсіздік ауруларына өте пайдалы. Шипалы сусын ауырған адамның қайта қалпына келуі­не жақсы әсер етеді, қан тамырын зиян­ды заттардан тазалайды, ағзадағы зат алмасу процесін, адамның физикалық жағдайын жақсартып, ас қорытуды реттейді, иммунитетті күшейтеді. Ал иммунитет ағзаның әртүрлі вирустарға қар­сы тұру қабілетін арттырады. Сон­дай-ақ иммунитетті көтеру үшін етті молынан жеу керек. Қуырып жегеннен, асып, булап жеген пайдалы. Өзіңіз біле­сіз, етте ақуыз көп. Мына вирусқа қарсы күресте ақуызды көп пайдалануымыз керек. Жеміс-жидекті молынан жеп, таза ауада көбірек серуендегеніміз жөн. Терең дем алып, тыныс алу жаттығу­ларын жасаған дұрыс. Қымыз сұранысқа ие болып тұр. Бі­рақ қымыз ем дегенге қымызды қым­баттатып, сарымсақ ем десе оны қым­баттату адамгершілікке жатпайтын тірлік дер едім. Бұл вирус әрқайсы­сымыз­дың жүрегіміздегі иманымыздың қай деңгейде екенін ашық көрсетті. Қандай жағдай болса да, адамдық қал­пымызды сақтап қалайық.  

Сұхбаттасқан

Арайлым ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ