Елордада зарарсыздандыру жұмыстары жалғасуда

Елордада зарарсыздандыру жұмыстары жалғасуда

Елордада зарарсыздандыру жұмыстары жалғасуда
ашық дереккөзі
Елордада зарарсыздандыру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Адам көп жиналатын орындарға: саябақтарды, тынымбақтарды, бульварларды және т.б. зарарсыздандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Қаланы өңдеуге коммуналдық қызметтермен бірге әскери қызметкерлер, ТЖД қызметкерлері және мамандандырылған компаниялардың қызметкерлері қатысты. Зарарсыздандыру жұмыстары жаяу тәртіпте де, арнайы машиналардың көмегімен де жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ сауда ойын сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, базарлардың басшылары санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес өз аумағында зарарсындандыру жүргізуі тиіс. Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік комиссияның шешімімен эпидемиялық ахуалды тұрақтандыру үшін шектеу шаралары 2 тамызға дейін ұзартылды. Қала тұрғындары санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек. Бетперде тағып, антисептиктер қолданып, әлеуметтік қашықтықты сақтаған жөн.