Індетпен күрес кезінде қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 1 млн теңгеден берілді

Індетпен күрес кезінде қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 1 млн теңгеден берілді

Індетпен күрес кезінде қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 1 млн теңгеден берілді
ашық дереккөзі
Коронавирус індетімен күресте кәсіби борышын атқару кезінде қаза тапқан шымкенттік тоғыз дәрігер "Құрмет", "Парасат", "Барыс" орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы қала әкімі Мұрат Әйтенов салтанатты жағдайда марқұмдардың отбасына арнайы барып табыстады. Бұдан бөлек, әр отбасыға материалдық көмек ретінде "Қайырымды қала" қорынан  бөлінген 1 миллион теңге көлемінде қаржы берілді. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтқан қала басшысы қызметтік борышын үлгілі атқарып, азаматтардың денсаулығын сақтаудағы табанды еңбектерін ерекше атап өтті. Естеріңізге салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 13 шілде күні қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін медицина саласының марқұм болған бірқатар қызметкерлерін марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Марапат иелерінің қатарында ауруханалар мен медициналық орталықтардың дәрігерлері, бөлім меңгерушілері, инфекционистер, сонымен қатар медициналық жедел жәрдем станциясының дәрігерлері бар. Атап айтқанда, "Құрмет" орденімен марапатталғандар: - "Қалалық диагностикалық орталық" МКК-нің дәрігері Күрекбаева Бауыржан Ордабекұлы - "Қалалық диагностикалық орталық" МКК-нің дәрігері Мамаев Хасым Махмудович - "№1 қалалық клиникалық аурухана" МКК-нің дәрігері Мәлібеков Жәнібек Жұмашұлы - "№8 қалалық емхана" МКК-ның аға медбикесі Әлмаханова Қафиза Батырханқызы - "№1 қалалық клиникалық аурухана" МКК-ның аға медбикесі Байменова Гаухар Аштайқызы - "Жедел медициналық жәрдем станциясы" МКК фельдшері Әуелбаев Тимур Айдарханұлы. "Парасат" орденімен марапатталған: - "№1 қалалық клиникалық аурухана" МКК-нің бөлім меңгерушісі Абдикулова Мариям Қабылбекқызы. І-дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталған: - "№ 1 Қалалық емхана" ШЖҚ МКК терапия бөлімінің меңгерушісі Тажденова Ағзипа Насырқызы. ІІІ-дәрежелі "Барыс" орденімен "№1 қалалық клиникалық аурухана" МКК-ның бөлім меңгерушісі Садиев Орынбасар Алипбекұлы