Ақ үй шетел студенттерін елден шығару туралы шешімін өзгертті

Ақ үй шетел студенттерін елден шығару туралы шешімін өзгертті

Ақ үй шетел студенттерін елден шығару туралы шешімін өзгертті
ашық дереккөзі
АҚШ билігі қашықтан оқып жатқан шетелдік студенттерді өз елдеріне қайтару туралы шешімінен бас тартты. «Америка дауысының» хабарлауынша, бірқатар штат басшылығы және елдегі жоғары оқу орындары биліктің шешіміне шағым түсірген. Көпшіліктің наразылығынан соң Ақ үй өз шешімін өзгертті. Биліктің үстінен шағымданғандар қатарында Гарвард және Массачусетс технология институты да бар. Сондай-ақ, шетел студенттерін ел аумағынан шығаруға 20 штат наразылық білдірді. Ондаған ірі компания, соның ішінде Google, Facebook және Twitter, колледждер мен университтер соттарға АҚШ президентінің талабы заңға қайшы екенін дәлелдейтін айғақтар ұсынған. Гарвард университетінің Ақ үй әкімшілігінің үстінен түсірген шағымын қараған Массачусетс штатының судьясы Эллисон Берроуз ереже заңға Ақ үйдің шешімін заңға қайшы деп тапты. Жаңа оқу маусымында Гарвардтағы сабақтардың барлығы онлайн форматта өтпек. Президент Дональд Трамп күзде барлық мектептердің ашылуын талап етіп, Гарвард университетінің жоспарын "орынсыз" деп атаған болатын. Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 3,4 миллионнан асып жығылды. Елде індеттен 136 мыңнан аса науқас көз жұмды. Мамандардың болжамы бойынша, алдағы 2-3 аптада Құрама штаттарда өлім-жітім көбейе түсуі мүмкін. Елдің денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Бретт Жируардың айтуынша, күзде індеттің екінші толқынының басталу ықтималдығы жоғары. Өйткені вирус тұрғындардың 90 пайызын әлі шарпып үлгермеген.