Түркиядан Қазақстанға гуманитарлық көмек келді

Түркиядан Қазақстанға гуманитарлық көмек келді

Түркиядан Қазақстанға гуманитарлық көмек келді
ашық дереккөзі
11 тоннадан астам медициналық препараттар тиелген алып ұшақ Анкарадан ұшып шығып, өткен түнде елордаға қонды. Қазақстан үкіметінің арнайы жіберген ұшағы Түркия Республикасынан гуманитарлық көмек алып қайтты. «Айдың нұры» қоры, Анкара шаһары муниципалитеті, Қожа Ахмет Яссауи университеті Түркия түлектері бірлестігі мен осы елдегі қазақ диаспорасының жинаған көмегі де осы көлікке тиелді. Жүк салмағына келсек, мысалы бір ғана түрік үкіметінің жіберген жүгінің құрамында 30 өкпені жасанды желдету аппараты мен 2 дана ПТР талдауына арналған жабдықпен қоса, 200 мыңнан астам медициналық препараттар мен бұйымдар бар. Бұл көмек үкіметаралық өзара түсіністік меморандумы аясында тегін тарту етілді. Явуз Селим Кыран, сыртқы істер министрінің орынбасары: - Қазақстанның COVİD-19 індетімен күресі нәтиже береді деп сенеміз. Мамандарға күш-қуат берсін, науқастарға шипа болсын. Түркия әрқашан Қазақстанмен бірге. Сондай-ақ бұл көмек осы уақытқа дейін шетелге жіберілген ең ауқымды көмек екенін айта кеткім келеді. Гуманитарлық жәрдем 6 шілдеде Ердоғанның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескеннен кейін берген тапсырмасына сай ұйымдастырылып отыр. Түркиядағы қандастарымыз да атажұрттағы жағдайға алаңдап, жәрдем беруге ұмтылды. Оны Еуропадағы отандастарымыз да қолдап, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарды. Ертолқын Гайретулла, Катеад бірлестігінің төрағасы: - Шет елде өмір сүрсек те, жүрегіміз әрқашан отан деп соғады. Қысылтаяң кезеңде бір-бірімізге демеу болу – біз үшін борыш. Бір апта ішінде шамамен 1 тоннаға жуық медициналық көмек жинадық. Оны «Отандастар» қоры, қажетті азаматтарға тарқатады. Сондай-ақ Қожа Ахмет Яссауи Университеті Түркия түлектері де білім алған елін ұмытпай, Қазақстан елшілігіне 28 оттегі концентратын табыстады. Мұрат Демирез, Яссауи университеті түлегі: - Кенеттен келген кеселдің кері әсері төрткүл дүниеге қатты тиді. Қазақстанның нанын жедік, суын іштік. Көмек кезек бізде. Бұл жиһаздардан бөлек, Яссауи Университетін тәмамдаған дәрігерлерді жіберсек дейміз. Бұдан бөлек, гуманитарлық көмектің құрамында «Айдың нұры» қорының 135 дана оттегі концентраты да бар. Аппараттар осы рейспен жеткізу үшін арнайы Ыстамбұлдан Анкараға әкелінді. Осы категория бойынша: «Жаңаарқа тұрғындары ауруханаларға бір тоннаға жуық қымыз бен саумал таратты Елімізде 36 мыңға жуық адам коронавирустан жазылып шықты »