42 500 теңгені тағайындау жұмыстары қашан басталатыны белгілі болды

42 500 теңгені тағайындау жұмыстары қашан басталатыны белгілі болды

42 500 теңгені тағайындау жұмыстары қашан басталатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге әлеуметтік төлемін тағайындау жұмыстары қашан басталатынын айтты.  «Осы жолы да 42 500 теңге әлеуметтік төлемінің операторы ретінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры белгіленді. Өйткені біз осы қордың қаржылық жағдайы туралы «қазір шектеуі, қиын» деп айтқанбыз. Дегенмен, бүгін шешім қабылданды. Сондықтан Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, осы бір аптаның ішінде сол әлеуметтік қордың қаржылық мәселесін шешуі тиіс»,- деді министр. Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, қордың қаржылық мәселесі шешілгенге дейін Еңбек министрлігі осы төлемге қатысты ережені пысықтамақ. «Осы уақытта біз өзіміздің ақпараттық жүйемізді, порталдарымызды сол ережеге сәйкестендіріп, тестілеуден өткіземіз. Аянбай жұмыс істейміз. Жоспарымызға сәйкес, алдағы жұма күні порталдар өтініштерді қабылдауға дайын болады. Ал дүйсенбі күннен бастап, яғни 20 шілдеден төлемдерді тағайындауға кіріспекпіз. Сондықтан осы жұмаға дейін электронды Үкіметке және басқа жерлерге өтініш беріп әуре болмаңыздар», - деп түсіндірді ведомство басшысы. Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұқтаж жандарға шілде айында 42,5 мың теңге төленетінін мәлімдеген болатын. Үкімет басшысы Асқар Мамин атаулы әлеуметтік көмекті қолда бар деректер негізінде алдын ала жүргізуді тапсырды. Премьер-министрдің айтуынша, т өлем карантин шараларының күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі.