Алматы қалалық сотының судьясы қайтыс болды

Алматы қалалық сотының судьясы қайтыс болды

Алматы қалалық сотының судьясы қайтыс болды
ашық дереккөзі
Алматы қалалық сотының судьясы Тұрсын Ясынұлы Нәбиев қайтыс болды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын хабарлады.  Марқұмның отбасына Алматы қалалық соты, соттар Әкімшісі, Алматы қалалық судьялар одағының филиалы көңіл айтты. Нәбиев Тұрсын Ясынұлы 1958 жылы туған. 1986 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1986 жылы – Талдықорған облыстық сотының судьялыққа тәлімгері; 1987 жылы – Алматы облысы Гвардей аудандық сотының судьясы, төрағасы; 1993 жылы – Алматы облысы Текелі аудандық сотының төрағасы; 1998 жылы – Алматы облыстық сотының судьясы қызметін атқарған. 2003 жылдан бастап Алматы қалалық сотының судьясы. Марқұм Қазақстан халықтар ассамблеясының "Бірлік" алтын медалімен, ІІ дәрежелі "Сот жүйесінің үздігі", І дәрежелі "Сот жүйесінің үздігі" төс белгілерімен, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының "Үш би" құрмет белгісімен марапатталған. Айта кетейік, қалалық сот бүгіннен бастап 14 шілдеге дейін сот ғимараты дезинфекция жұмыстарына жабылды. Аталған күндерге белгіленген процестер ауыстырылады.