Ресейде коронавирусқа шалдыққандар саны 727 мыңнан асты

Ресейде коронавирусқа шалдыққандар саны 727 мыңнан асты

Ресейде коронавирусқа шалдыққандар саны 727 мыңнан асты
ашық дереккөзі
Ресейде соңғы тәулікте 6615 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 727 162-ге жетті.  Бұл туралы елдегі эпидемиологиялық ахуалды бақылау жөніндегі жедел штаб хабарлады. Жаңа деректердің саны жөнінен Мәскеу қаласы (679) көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда – Санкт-Петербор(293) мен Свердлов облысы (286). Бір тәулік ішінде індеттен 130 адам көз жұмды. Елдегі қатерлі вирус құрбандарының жалпы саны 11 315-ке жетті. Сондай-ақ, соңғы тәулікте 3615 адамның індеттен айыққаны хабарланды. Осылайша коронавирустан емделіп шыққандардың жалпы саны 501 061 болды. Айта кетейік, бұған дейін коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның клиникалық сынағы сәтті аяқталғанын хабарлағанбыз. Сеченов университетінің Трансляциялық медицина және биотехнологиялар институтының директоры Вадим Тарасовтың айтуынша, 15 шілдеде еріктілердің алғашқы тобы, 20 шілдеде екінші топ ауруханадан шығарылады.