Оралдық дәрігерлер бір ай бойы қымыз және саумалмен қамтылады

Оралдық дәрігерлер бір ай бойы қымыз және саумалмен қамтылады

Оралдық дәрігерлер бір ай бойы қымыз және саумалмен қамтылады
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысындағы жасотандықтар "Ақ халатты абзал жандар ауырмасын" атты акция бастады.
Акцияның негізгі мақсаты Covid-19 дертіне шалдыққан науқастармен тікелей қарым-қатынас жасап, қауіпте жүрген дәрігерлерге күн сайын қымыз бен саумал жеткізу. Бүгінгі күннің батырларына қолдау көрсетіп, иммунитеттерін көтеру.
Аталған акция аясында «Nur Otan» партиясы БҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев Рахметұлы қолдауымен жергілікті "Жайлау" шаруа қожалығымен келіссөздер жасалды. Алдағы бір ай бойы  облыстық, қалалық көпбейінді ауруханалар мен Батыс Қазақстан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жалпы көлемі 1 тонна қымыз мен саумал жеткізілетін болады.
Аталған акцияны ауылдарда да жүзеге асыру көзделіп отыр.