COVID-19: Ресейлік вакцинаның клиникалық сынағы сәтті аяқталды

COVID-19: Ресейлік вакцинаның клиникалық сынағы сәтті аяқталды

COVID-19: Ресейлік вакцинаның клиникалық сынағы сәтті аяқталды
ашық дереккөзі
Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның клиникалық сынағы сәтті аяқталды. Бұл туралы Сеченов университетінің Трансляциялық медицина және биотехнологиялар институтының директоры Вадим Тарасов мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости – Сеченов университеті коронавирусқа қарсы әлемдегі ең алғашқы вакцинаның еріктілерге жасалған сынағын сәтті аяқтады, – деді Тарасов. Оның айтуынша, 15 шілдеде еріктілердің алғашқы тобы, 20 шілдеде екінші топ ауруханадан шығарылады. Сеченов университетінің Медициналық паразитология, тропикалық және трансмиссивті аурулар институтының директоры Александр Лукашевтың айтуынша, бұл кезеңнің негізгі міндеті препараттың адам денсаулығына қауіпсіздігін дәлелдеу болды. Сынақтың кейбір қатысушыларында алғашқы күндері дене қызуы көтерілген, екпенің басқа кері әсері байқалмаған. Дәрігерлердің айтуынша, барлық еріктілер өздерін жақсы сезінеді. Алайда ұзаққа созылған оқшауланудың салдарынан қатысушылардың кейбірінің психологиялық жағдайы өзгеріпті. Тарасовтың сөзінше, еріктілердің арасында кикілжіңдер туа бастағандықтан, олармен психолог жұмыс істеген. Ауруханадан шыққаннан кейін дәрігерлер сынаққа қатысушыларды бақылауды жалғастыра бермек. Ондағы мақсат – олардың иммунитетіндегі өзгерістерді қадағалау.