Блок-посттар қойылмайды

Блок-посттар қойылмайды

Блок-посттар қойылмайды
ашық дереккөзі
Атырау облысында коронавирус инфекциясы өршіп тұрғанымен, блок-посттар қойылмайды. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәлімдеуінше, эпидемиологиялық жағдай күрделенетін болса, қосымша қатаң шектеулер енгізілуі мүмкін. «Облыс тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға, жауапкершілікті сезінуге шақырамын. Әлеуметтік қашықтықты және маска режимін сақтап, жеке гигиена туралы ұмытпаған жөн. Егер, жағдай одан әрі күрделенетін болса, біз карантин режимін қатаңдатуға мәжбүр болатындығымызды ескертемін. Мұны алдағы екі апта көрсетеді», – деді облыс әкімі. Еске сала кетелік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Атырау облысы коронавирус жұқтырудан көш бастап тұрғанын хабарлаған еді.