Алдан Смайыл: Темірдей тәртіп болмай, індетті еңсере алмаймыз

Алдан Смайыл: Темірдей тәртіп болмай, індетті еңсере алмаймыз

Алдан Смайыл: Темірдей тәртіп болмай, індетті еңсере алмаймыз
ашық дереккөзі
– Президент Қ.Тоқаев мырзаның үндеуін толық тыңдап шықтым. Өз басым үндеуден біршама үміт күттім. Әсіресе, қазіргі тәртіп мәселесі. Әрине, айтылды да. Бірақ қазір көпшілік орынға барып көріңіз, әлі сапырылсқан адамдар. Ешқандай сақтық шараларын сақтап жүрген жоқ. Маска тақпай жүргені де жетеді. Неге? Себебі президенттің өзі айтқандай «біз мұндай жағдайға дайын болмай шықтық». Сенімді ақпарат тарата алмағандықтан халық арасында әртүрлі қаңқу сөз тарап кетті. Ол – елдің мұндай індетке сенімсіздігін ұялатты. Ең бастысы қазір темірдей тәртіп қажет. Денсаулық сақтау министрлгіне білікті дәрігер маман келді. Дұрыс-ақ. Бірақ дәл қазіргідей тар кезеңде тәжірибелі, сөзі әкімдерге де, халыққа да өтімді, шетелдердегі өзінің әріптестерімен тең  сөйлесе алатын ұйымдастырушы қажет еді. Ал білікті дәрігер мамандар кеңесші болса, тіптен вице-министр болса да жеткілікті еді. Әрине, мұндай кезде қоғамдық тәртіпке бағыну, президенті қолдау бәрімізге қажет.