Алда қазақстандықтарды 100 пайыз тестілеу міндеті тұрған жоқ – Алексей Цой

Алда қазақстандықтарды 100 пайыз тестілеу міндеті тұрған жоқ – Алексей Цой

Алда қазақстандықтарды 100 пайыз тестілеу міндеті тұрған жоқ – Алексей Цой
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау жүйесінің алдында қазақстандықтарды 100 пайыз тестілеу міндеті тұрған жоқ. Бұл туралы  ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.  «Тағы да қайталап айтамын, қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесінің алдында барлығын 100 пайыз тестілеу міндеті тұрған жоқ. Өйткені, осы аурудың алғашқы белгілері бар тікелей науқастарға басымдық жасалып отыр. Себебі, оларға көмек көрсетіп, осы кезеңде әрекет ету арқылы вирустың ауыр түрге өтіп кетуіне жол бермеу негізгі мақсатымыз», - деді министр. Алексей Цойдың сөзінше, коронавирусты симптомсыз өткеріп жатқан науқастарды тестілеуден өткізудің мәні жоқ. «Симптомсыз науқастардың көпшілігі ауырмайды. Иә, олар індетті таратуы мүмкін. Бірақ олар 14 күннен кейін сауығып кетеді. Ештеңе мазаламайтын адамдардан тест алудың қандай мәні бар? Біз негізгі басымдық пен қаржыландыруды ең бірінші кезекте, көмекке мұқтаж болып отырған науқастарға жұмсаған дұрыс деп санаймыз», - деді ведомство басшысы. Айта кетейік, елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты жасаған телевизиялық үндеуінде Мемлекет басшысы Қазақстанда ПТР тестілеуден өту жиілігі тәулігіне 40 мыңға жеткізілетінін мәлімдеді. Президенттің айтуынша, тестке қолжетімділікті арттыру үшін қосымша 20 ПТР анализатор сатып алынады. ПТР тестілеу үшін 8 мобильді орталық құрылады.