Қытайдан кек алу: АҚШ-та TikTok-ты қолдануға тыйым салынуы мүмкін

Қытайдан кек алу: АҚШ-та TikTok-ты қолдануға тыйым салынуы мүмкін

Қытайдан кек алу: АҚШ-та  TikTok-ты қолдануға тыйым салынуы мүмкін
ашық дереккөзі
АҚШ көшбасшысы Дональд Трамп өз әкімшілігі ел аумағында TikTok қосымшасын қолдануға тыйым салу мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді. Ақ үй басшысының айтуынша, бұл – Қытайдан коронавирус пандамиясы үшін кек алу жолдарының бірі, деп жазады Fortune. – Иә, біз TikTok қосымшасының қолданысына тыйым салуға ниеттіміз. Бұл – үлкен бизнес. Пандемияның ауқымын көріп отырмыз. Қытайдың біздің елімізге, бүкіл әлемге істегені – сорақылық, – деді Трамп журналист Грета Ван Састеренге берген сұхбатында. АҚШ президентінің сөзінше, TikTok-қа тыйым салу – Қытай билігіне «жауапты соққы» берудің көп тәсілінің бірі ғана. Еске сала кетейік, бұған дейін Трамп коронавирусты дер кезінде ауыздықтай алмағаны үшін Аспан асты елін жазалаудың бір нұсқасы ретінде Қытаймен қарым-қатынасты біржола үзуді ұсынған. Ақ үй басшысының айтуынша, бұдан АҚШ-тың ұтары көп болмақ. АҚШ көшбасшысының есебіне сүйенсек, Қытаймен қарым-қатынас үзілсе, Вашингтон 500 млрд доллар үнемдей алады.