7 Шілде, 17:17 403 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Президент «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске қол қойды

Мемлекет басшысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне қол қойды, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кодекстің мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар