7 Шілде, 17:45 469 0 Сыртқы саясат Бақытбек Қадыр

Моңғолия Президенті Елбасын мерейтойымен құттықтады

Моңғолия Президенті Х.Баттулга Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Құттықтау хатта "Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізді 80 жасқа толу мерейлі тойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Аса құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің көреген көшбасшылығыңыздың арқасында тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақ елі бүгінде гүлденіп, халықаралық беделі нығая түскен мемлекеттің бірі болуына қуаныштымын.
Біздің киіз туырлықты халықтарымыздың тарихи қарым-қатынастарын кеңейту жолындағы Сіздің қосқан үлесіңіз бен күш-жігеріңізді ерекше атап өткім келеді.
Моңғолия мен Қазақстанның достық қарым-қатынасы мен ынтымақтастығы одан әрі қарай нығая түсетініне кәміл сенемін", - делінген.
Сондай-ақ,  Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга [Қалтымагийн Баттұлға] құттықтау хат жолдай отырып, "құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізге зор денсаулық, баянды бақытқа толы ұзақ ғұмыр кешуіңізге және қызметіңізге сәттілік тілеймін", - деді.
Сонымен қатар, Моңғолияның III Президенті Н.Энхбаяр Тұңғыш Президент  Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жылдық мерейтойы және елорда күнінмен құттықтап, арнайы хат жолдады.
(Қазақстан Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және )
Экс-президент Н.Энхбаяр мырза жолдған хатында Моңғолия мен Қазақстан арасындағы бұрынан келе жатқан достық қарым-қатынасты тілге тиек ете отырып, Елбасы Н.Назарбаевты 80 жылдық мерейтойы және елорда күнімен құттықтады.
(Моңғолияның III Президенті Н.Энхбаяр мырзаның құттықтау хатының орысша нұсқасы)

Соңғы жаңалықтар