4 Шілде, 13:01 1079 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

5 шілдеден бастап бірқатар бағытта пойыз қозғалысы шектеледі

5 шілдеден бастап елімізде бірқатар бағытта жолаушылар пойызының қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Асылхан Қалдыкөзов айтты.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімімен осы жылдың 5 шілдесінен бастап Алматы-Сарыағаш бағытындағы пойыз уақытша тоқтайды. Әлеуметтік маңызы бар бірнеше пойыздың қозғалыс жиілігі қысқартылады: Нұр-Сұлтан-Алматы, Алматы-Павлодар, Нұр-Сұлтан-Өскемен және Нұр-Сұлтан-Достық», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Сонымен қатар ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 3 шілдеден бастап 22 бағдар бойынша қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылып отыр. Бұған қоса, жолаушылар пойыздарындағы жалпы вагондар және Тальгоның 6 пойызындағы отырып баратын вагондар жабылады.

Соңғы жаңалықтар