1 Шілде, 16:49 414 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

COVID-19: Ресейде індетке шалдыққандар саны 650 мыңнан асып жығылды

Ресейде cоңғы тәулікте 6556 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 654 405-ке жетті. Бұл туралы елдегі коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады, деп жазады ТАСС.

Штаб мәліметінше, соңғы екі тәулікте індет жұқтыру деректерінің өсімі 1 пайыздан аспаған. Ем қабылдап жатқан науқастар саны 225 879 адамнан 221 938 адамға азайды.

Өткен тәулікте  10281 адам коронавирустан емделіп шыққан. Осылайша Ресейде індеттен айыққандардың  жалпы саны  422 931-ге жетіп отыр.

Сондай-ақ, жедел штаб бір тәулік ішінде коронавирустан 216 адам көз жұмғанын хабарлады. Елдегі індет құрбандарының жалпы саны - 9 536.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 1604 адамнан қатерлі вирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 41 мыңнан асты. 13,5 мыңнан астам науқас емделіп шықты. Дерті асқынған 188 адам қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар